Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

      Эхинококкоз  — адам     денесіндегі     құртты (паразитарлық) дерттердің ішіндегі ең қатерлі де ауыр кеселдердің қатарына жатады. Ол көптеген елдерде кең таралған және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен  Халықаралық  эпизоотика  бюросының  ерекше тізіміне алынған.
         Жылауық құрт кеселіне шалдықтыратын таспа құрт адам денесіне 3 жолмен: асқазан-ішек, тыныс жолдары және жарақат арқылы енеді. Оның жұмыртқасы сыртқы табиғат әсеріне өте төзімді және қолданыстағы дезинфекциялық дәрілер оны жоя алмайды. Эхинококкоз жұмыртқалары ауыз арқылы асқазанға түсіп, әрі қарай асқазан-ішек жолының шырышты қабаты арқылы көк тамырларға сорылып, бауыр қақпасы арқылы алдымен сүзгі бауырға келеді. Сондықтан бауырдың жылауык құрты жиі кездеседі. Егер бауыр сүзгісінен өтіп кетсе, екінші сүзгі —  өкпеге барып тоқтайды. Жылауық құрт тәнде орташа есеппен 10-20 жыл өмір сүреді.
Клиникасы.
Сырқаттың ауыр жеңіл өтуі кеселге душар болған адам организм мүшелері мен ұлпаларының зақымдануына байланысты болады. Сырқат белгілері біртіндеп білінеді. Бірнеше жылға созылады. Науқастың зақымдалған мүшесі үлкейіп, бауырында ауырлық байқалып, оң жақ қабырға асты ауырады. Егер өкпесі зақымдалса, науқастың кеудесі ауырлығымен мазалап, ентігіп, қан қақырып, жөтеледі. Эхинококк қуығы өте шабан өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, бірнеше жылға созылады.
Алдын алу шаралары.
        Жеке бас тазалығы. Әлеуметтік гигиенаның тазалығын дұрыс сақтау. Тамақ ішер алдында қоллды сабындап жуып, кеселге кезіккен ит және т.б жануарлармен аса сақтықпен жанасқан дұрыс. Итті үйге кіргізбеу, азық-түлік тұрған жерді иіскетпеу, балаларды итпен ойнауына жол бермеу керек. Жеміс-жидектерді қайнаған сумен жуған жөн. Ит ұстайтын мекеме ұйымдарда әр тоқсан сайын құртқа қарсы егу, иттерді тіркеуден өткізу керек. Қаңғыбас иттердің көзін жою. Малды сойған кезде эхинококк жұқтырған бауыр, өкпені жағу қажет.
Емдеу.
        Эхинококкоз адам үшін өте қауіпті, оны әзірге тек ота жасау жолымен ғана емдеп келеді.
А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...