Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

         2025 жылдың 12 қазанында Семей қаласында еліміз бойынша алғаш рет қала әкімі тікелей сайлау арқылы сайланды. Бұл тарихи оқиға –Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың саяси белсенділігін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағалануда.
        Аумақтық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, Семей қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 220 761 азамат енгізіліп, олардың 118 553-і дауыс беруге қатысқан.
       Сайлау қорытындысы төмендегідей:
       Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы – 89 441 дауыс;
        Төлеуов Қаныш Мақсұтұлы – 12 557 дауыс;
       Бекжасаров Айболат Каиркешевич – 9 763 дауыс жинады.
       Сайлау нәтижесінде, көпшілік дауыспен Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Семей қаласының әкімі болып таңдалды. Әділет Нұрсағатұлы бұған дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған. Мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі мол, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан басқарушы ретінде де белгілі.
      Айта кетейік, сайлау күні «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері — Ерік Омарғалиев, Ажар Жакупова және Балжан Ерсаина сайлау учаскелерінде Байқаушылар ретінде қызмет атқарды.  Олар, дауыс беру барысының әділ, ашық және заң талаптарына сай өтуін мұқият қадағалап, сайлау тәртібінің сақталуына баса назар аударды.  Соныменде, Байқаушылар қала аудандарыныңәр жерінде орналасқан учаскелерде ғана емес, көшпелі дауыс беру кезінде, яғни үй-үйлерді аралау барысында да өз міндеттерін адал орындады.   «Біз қатысқан учаскелерде сайлау үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Азаматтар өз таңдауларын еркін жасады. Жалпы айтқанда, сайлау әділ және ашық өтті деп сеніммен айта аламыз», — деді байқаушылар.
        Семейдегі бұл сайлау — қоғамдық сенім мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Қала тұрғындары демократиялық жаңғыру жолындағы бастамаларға белсенді қатысып, ел өміріндегі маңызды тарихи сәттің куәсі атанды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...