Home » Жаңалықтар » Табиғи апат

Табиғи апат

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

             Алматы, Қазақстан – 2024 ж. 8 сәуір – «Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.           «Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанғасу тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақтыкөмек беруге дайын, – деді «Шеврон» Еуразиябөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. – Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз етуүшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымасқолдауын білдіреді».           30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы ...

Read More »

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

         «МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ-ның басшылығы мен мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Қайырымдылық шарасы Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоглуның қатысуымен өтті.         Шара шеңберінде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға азық-түлік өнімдері мен кілемдерден құралған гуманитарлық көмек Алмалы ауданының комьюнити орталығына табысталды. ...

Read More »

150 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАЙСЫЗ РЕКОРД…

          2023 жылдың 17 қарашасында Жер бетінің температурасы соңғы бір жарым жүз жылда алғаш рет индустрияға дейінгі кезеңнен (1850-1900) екі градустан жоғары болып, адамзат үшін қатерлі рекорд тіркелгені белгілі болды. «Біздің бағалауымыз бойынша, бұл жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгейден 2°C-тан жоғары көтеріліп, 2,06°C-қа жеткен бірінші күн болды»-деп, Коперниктегі климаттың өзгеруі жөніндегі директордың орынбасары Саманта Бургесс мәлімдеме ...

Read More »

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

          Түркістан облысында бірнеше айдан бері жүргізілген табиғи апаттың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде шамадан көп жауған қар мен жауыннан келер алапат апатқа жол берілген жоқ.          Бүгін облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен барлық аудан, қала әкімдерінің онлайн қатысуымен аппарат жиыны болып, онда атқарылған жұмыстар мен атқарылар істердің барысы талқыланды.         ...

Read More »

ТҮРКИЯНЫҢ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРЫНДА ҚУАТТЫ ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ ОРЫН АЛДЫ

Анадолы агенттігінен

       Түркия Республикасы сейсмологтарының мәліметінше, 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер дүйсенбі күні Түркияның көптеген аймақтарында сезілген.       Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің түсіндіруінше, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджык аймағында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жер асты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы елдің әртүрлі аймақтарында – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, ...

Read More »

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

      Ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Бейсенбай Төребеков елдімекендерді аралап, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстарымен танысты.       Жыл сайын қысқы сор шаю жұмыстарының және көктемгі жауын-шашынның салдарынан жер асты суы деңгейі көтеріліп, әсіресе ауданда Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентінде тұрғын үй аулаларын су басу жағдайлары жиі орын алып ...

Read More »

СУДАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

        Биылғы қыс жетісайлықтар үшін оңай болмады. Соңғы 15 жылда жаумаған қар жауып, артынша күн күрт жылынуы мен жауын-шашынның жаууы салдарынан бірқатар үйлердің ауласын су басу қаупі туындаған болатын.          Ауа-райының қолайсыздығы мен метеожағдайдың күрделенуіне байланысты Жетісай ауданының әкімі жедел штаб отырысын өткізіп, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, жауапты бөлімдер мен сала басшыларына тиісті ...

Read More »

ЖАҢА АУЫЛДА ҚАШЫРТҚЫЛАР ҚАЗЫЛЫП, ДРЕНАЖДАР ІСТЕП ТҰР

          Биылғы жылғы өңірімізде қардың жылдағыдан екі есе көп жаууы мен ауа-райының күрт жылынуы, толассыз жауған жаңбырдан, жерасты суының көтерілуіне байланысты ауданымыздағы елді мекендерді су басуының алдын алу, тұрғындардың материалдық шығындарын болдырмау мақсатында Жаңа ауыл ауылдық округінде «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы Кенжебай Мамутовтың келісімімен қожалыққа тиесілі 250 гектар егістік жердің бойынан қазылатын ұзындығы 2 шақырым қашыртқының ...

Read More »

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СЕЛДЕ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 5 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

         Алматы облысы, Текелі ауданында құтқарушылар араға 5 күн салғанда лайдың астынан 2016 жылғы қыздың денесін тауып алған. Нақтырақ айтқанда, 15  мамыр күні сағат 18.15-те қызметте жүрген «Багира» атты ит қыздың  тінтіп жүріп өлі денесін тапқан.        Сондай-ақ, сол кезде селдің салдарынан Д.Қонаев көшесін лай басып, бір тұрғын үй қирап, 4 үйдің ауласын балшық басқан болатын.        ...

Read More »