Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 150 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАЙСЫЗ РЕКОРД... - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 150 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАЙСЫЗ РЕКОРД…
iStock

150 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАЙСЫЗ РЕКОРД…

          2023 жылдың 17 қарашасында Жер бетінің температурасы соңғы бір жарым жүз жылда алғаш рет индустрияға дейінгі кезеңнен (1850-1900) екі градустан жоғары болып, адамзат үшін қатерлі рекорд тіркелгені белгілі болды. «Біздің бағалауымыз бойынша, бұл жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгейден 2°C-тан жоғары көтеріліп, 2,06°C-қа жеткен бірінші күн болды»-деп, Коперниктегі климаттың өзгеруі жөніндегі директордың орынбасары Саманта Бургесс мәлімдеме жасады деп хабарлайды CNN агенттігі.
        Ғалымдар, «температура уақытша, қысқа мерзімге көтерілді. Бұл мұндай көтерілу әрқашан болады дегенді білдірмейді, бірақ температураның жоғарылауы Жерді жылыту үрдісін көрсетеді. Мұндай дағдарыс планетаның жалпы климатына әсер етеді және кейбір жағдайларда оны тоқтату және алдын алу мүмкін болмайды», деуде.
       Өткен аптада жарияланған БҰҰ есебінде елдердің Климаттық жоспарларына сәйкес, планетаның жылынуын тудыратын Жердің ластануы 2030 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 9% — ға жоғары болатыны анықталды. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың мәліметі бойынша, әлем жаһандық жылынуды индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа жоғары шектеуге үміттенуі үшін осы онжылдықтың соңына қарай шығарындыларды 2010 жылмен салыстырғанда 45%-ға азайтуы керек. 9% — ға өсу мақсаттың әлі алыс екенін білдіреді. Қазан айының соңында дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығы елдерді мүмкіндігінше тезірек көшуге шақыратын мәлімдеме жасады.
        Ал «nature» журналы болса басқаша пікірде. Ол Ұлыбританиядағы Кардифф университетінде климаттың өзгеруінің әсерін зерттейтін халықаралық ғалымдар тобы  Антарктидадағы мұздықтардың еруі болашақта жаңа мұз дәуіріне әкелетін тізбекті реакцияны тудыруы мүмкін деп отыр, деп хабарлады.
          Олардың пікірінше, мұздықтар мен айсбергтердің еруі Атлант мұхитына үлкен көлемде тұщы судың түсуіне ықпал етіп, нәтижесінде Оңтүстік мұхиттан ағыстармен бірге үлкен айсбергтер де шығады. Атлант мұхитындағы тұщы су атмосферадан көмірқышқыл газын шығарып, парниктік әсерді азайтады және оны салқындатуға ықпал етеді деген пікірде екен.
         Қорыта айтсақ, алдағы уақытта Жер бетінде ғаламдыөқ жылыну орын алсын немесе жаңа мұздық дәуір басталсын, бір анығы қай нұсқада да адамзат баласын үлкен сынақтар күтіп тұр. Соған Жер тұрғындары қазірден дайын болуы керек, әйтпесе опық жеп қалуымыз анық.
Сүңғат ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...