Home » Проза

Проза

БҮЙРЕК

         Дүниеде алаңсыз бостандықта жалғанды жалпағынан басып, азат басымды бұлт шалмас деген есірік бір сезімнің жетегінде жүрген жанның ойда-жоқта аңдығанның апанына түсіп қалғанынан ауыр соққы жоқ екен. Ақтоғай орман және жан-жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қорықшысы Сейдалы қаржы полициясы қызметкерлерінің құрығына түсіп қаламын деп ойлапты ма?  Бұл жәйт үш ұйықтаса түсіне кірмес.  Оның соңына түскендердің  құрығына ілініп қалуының ...

Read More »

АРАБҚА АҢСАРЫ АУҒАН АРУ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ          – Қарағым, қазақтың қызысың ба?          Египеттің астанасы Каир қаласында ұшыраса кеткен қызға бәріміз жамыраса осы сұрақты берген едік.          Сұңғақ бойлы, шаштары керімсал  желмен тарқатыла желбіреп, әнтек жымиған бойжеткен кімді де болсын жалт қаратарлықтай сұлу еді. Оның сымбатты тұлғасына, жаһұттай жанарына, алаулаған жүзіне сүйсіне қарап, «Құдай-ай, осы ару қазақ қызы болып шықса екен» деп тілегеніміз алабұртқан ...

Read More »

ДАСТАРХАН БАСЫНДАҒЫ ДИДАРҒАЙЫП БАСҚОСУ

         Қаланың  ырду-дырдуынан шаршағанда қазақы дәстүрлеріміз бен салтымыздың қаймағы бұзылмаған деп санайтын ауылға тартып кеткіміз келіп тұратыны бар. Балалық балшырын күндеріміздің ізі қалған ауыл қашан да  ыстық көрінеді. Алдыңнан аңқылдап анаң мен әкең, туған-туыстарын, жалаңаяқ жар кешкен қатар құрдастарын шыға келетіндей елеңдейсің. Бірақ… солардың елесін де таппайсың. Иә, олардың көбі келместің кемесіне мініп аттанғаны қашан? Алайда, солардың ...

Read More »

ЕРТЕ ТҰРУҒА ӘДЕТТЕНЕЙІК!

        Байырғы бабаларымыздан бізге бұзылмай жеткен; “Ерте тұрған жігіттің ырысы артық ,ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” дейтұғын тамаша өсиеті бар екенін тағыда бір есімізге түсірелікші, қанекей…яғни көнеден келе жатқан осы бір тәлімді тәуірірек тәпсірлер болса арайлап таңмен таласып ерте тұру кез келген жігіттің отбасылық өмірінің берекесі бекір, ырысы артып, шаңырағына шаттық шуағының шашыларына шүбәсіз сенесіз. Жігіттің ...

Read More »

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚҰЛДЫРАТПАЙЫҚ

       Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер қолданыстан шығып жарамсыз күйге түскен жағдайда халық үлкен тығырыққа тіреледі екен. Тегі бөтен шаруашылыққа адамның әп-сәтте бейімделе кетуі, икемделуі қиын ғой. Ақыл мен денеге тосын салмақ түскеннен соң кез-келген кісі қиналады, жасып жүнжиді. Ал бұл өз кезегінде бойкүйсіздікке бой алдыратын ахуалға әкеп соғады. Осылайша, қазақ халқының үстінен зіл қара күш басқан небір кезеңнің нәубеттері де ...

Read More »

ТАУ МЕН ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

       Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты.        “Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж қоғамға ашық қол жетімді болуы үшін ...

Read More »

КҮЛКІНІҢ КҮМІС КҮМБЕЗІ НЕМЕСЕ ДАРА ТҰЛҒАНЫҢ ДРАМАТУРГИЯСЫН НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?

         Садықбек Адамбеков дегенде ең әуелі еске мөлдір моншақтай шашылып түскен күлкі түседі. Неге? Өйткені, қазақ әдебиетінің кең жайлауында ою-өрнек, сән-салтанаты келіскен алты қанат ақ орда тіккендей сонадайдан көзге шалынар сатира жанрының қазығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп кетті. Сәкеңнің өмір жолына үңілсек, ол да әдеби жолын өлеңмен бастаған екен. «Өмір тойы» атты өлеңдер жинағы шыққан. Содан ...

Read More »

СӨЗДІҢ САЛМАҒЫ

       Заман ұстараның жүзіндей мың құбылып тұр. Жаһандану деген жалмауыз желкеден қарауылдайды. Әлем келбеті әлемтапырақ. Ненің не екенін жастар түгілі үлкендердің өзі түсінуден қалған. Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендердің өзі отызды алқымдады. Алда – қырық! Дегенмен, біз әлі де оларды баласынамыз. Елдің алдына шығып, кешегі өткен абыз ақсақалдар сияқты суырылып сөз айтуға жарайтындарды аға буын арасынан іздейміз. Бірақ, ...

Read More »

«ЯКУТ»

         Якуттың «Пролетар» көшесіндегі үш көпқабатты үйдің ауласын сыпырушысы болғанына бір аптадай уақыт болды. Бұған қосымша ол сол маңдағы тұрғындарға жүкші болып көмектесіп те аз-маз табыс та табады. Ал түнге қарай героин, кокс не синтетикалық есірткілерді пайдаланып еліретін есірткіқұмар жастардың қолына түсіп қалмауы үшін жертөледегі бөлмесінің  есігін қараңғы түскеннен бекітіп алады. Олардан бөлек үйсіз-күйсіз қаңғыбастар да оны ...

Read More »

СҮГІР СОЗАҚТЫҢ ҒАНА ЕМЕС, МҰҚЫМ ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІСІ!

        Қаратаудың шертпе күйін қалыптастырушы, дәулескер күйші Сүгір Әліұлының туғанына биыл 140 жыл толады. Қазақ өнерінің қайталанбас жарқын тұлғаларының бірі әрі бірегейі Сүгірдің мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтіледі деп сенеміз.          Тылсым табиғат шебер ғой, тума таланттарды өзі тоғыстырады, табыстырады. Қаратау мен Шу, Бетпақдаланы иен жайлаған қалың жұрт ортасында дүниеге келген Сүгірдің тағдыр-талайына Ықылас ...

Read More »