«Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталы – 2026 жылғы 29 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға ниет білдірген саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынушы кандидаттардың бағдарламалық және үгіт-насихаттық материалдарын жариялау құны туралы хабарлайды.
Сайт бетінде жарияланатын үгіт-насихат материалдарының құны тыныс белгілерін қоспағанда, әрбір таңба (символ) үшін 10 (он) теңгені құрайтын болады. Сайтымызда жарияланатын әрбір сайлау материалына оның көлеміне қарай 1-ден, 3 данаға дейінгі фотосурет тегін орналастырылады. Егер тапсырыс беруші жақ жарияланатын материалдарға қосымша фотосуреттерді немесе сайлау науқанына қатысты бейнематериалдарды жариялауды қаласа, сондай-ақ оған үгіт-насихат жұмыстарына қатысты қосымша қызметтер қажет болса, онда олардың құны тараптардың өзара келісімі негізінде айқындалады. Сондай-ақ, егер тапсырыс беруші партия өз логотипін сайтымыздың басты бетінде жариялатқысы келсе, оның құны 50 000 (елу мың) теңгені құрайтын болады.
Атап кетерлігі, тапсырыс беруші жақ ұсынған материалдың ішінде осы сайлауға қатысып жатқан басқа партияларды немесе кандидаттарды қаралаушы, олардың ар-намысына тиюші, ел азаматтарын ҚР Заңдарына қарсы заңсыз әрекеттерге шақырушы деректер болса, онда редакция алқасы оны жарияламауға құқылы.
«Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталының редакция алқасы.


