Қадірлі бауырлар бүгін сіздерге ұлт мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған 2012 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының және Республикалық Qazaq club-тың 24-ші жобасы «Ер жігіттің 100 міндетін» назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Бұл жоба «Қазақ жігіттері қандай болуы керек?» — деген сауалға жауап береді деп ойлаймыз.
ЕР ЖІГІТТІҢ 100 МІНДЕТІ
Бірлікке қарым — қатынасы
1. Қазақ жігіттерінің естілері бірін – бірі көрген жерде сәлемдесіп жүрсін. Бұл олардың сыйластықтары мен бірліктерін арттырады. (Мас, теріс мінезді адамға сәлем беру міндет емес.)
2. Қазақтардың жүрген жерде топтасып, бірін – бірі қолдап жүрулері міндет.
3. Жақсыларыңды қолдаңдар онда барша ел үшін береке бар.
4. Қазақты бірлестіретін ортақ ұрандарды біліңдер «Алаш!», «Әруақ!», «Абылай!», «Аттан!», «Қайтпа!».
5. Өзара келіспей жүрген адамдардың халық мүддесі жолында бір істі атқаруға келісімге келіп, бір – біріне қолдау білдіруі міндетті. Ондай келісімге келе алмаса, екеуі де ақымақ, ез саналады.
6. Қазақтың бірлігі неде? Қазақтың бірлігі қазақ жігіттерінің өзара сыйластығы мен құрметінде жатыр. Естілерің, жақсыларың бір – біріне сәлемдесуге, қал сұрасуға асығыңдар!
Қорған болу
7. «Жер — мемлекеттің негізі» Отан қорғауға әзір бол.
8. Әпке, қарындастарының арын қорға.
9. Отбасының бірлігі мен тұтастығын қорға.
10. Қазақтың намысын қорға.
11. Ұрпақ болашағын ойла, қорғай біл.
12. Қазақ қоғамын, Отанды қорғауға, әпке, қарындастарының арын, ұрпақ болашағын, ұлттық мұраны, отбасының тұтастығын қорғауға, тұтас қазақтың намысын және қазақты қорғауға, күрделі уақытта қазақтың қазаққа көмекке келуіне әзір болу.
Жауапкершілігі
13. Барлық қазақ балаларына ағалық қарым-қатынас таныту, бас-көз болу, қамқорлық жасау міндет.
14. Жүрген жерді ластамай, тазалық сақта
15. Жасы үлкендерге, мүгедектерге, балалы аналарға, әжелерге, буыны қатпаған жас балаларға жауапты бола біл. Оларға қоғамдық көлікте орын беру міндет. Көшеде кез-келген жерде бас-көз болу міндет.
16. Өзің тұратын аула, ауыл, аудан, қала, облыс тазалығына, тәртібі мен болашағы үшін жауапкершілік таныту міндет.
17. Ел, отбасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу міндет.
Тыйымдары
18. Қазақтың бірін – бірі кемсітуге, кекетуге, ғайбат сөз айтуға тыйым салынады. Ондайға бару ұят саналады. Оған барғандар ез саналады.
19. Темекі тартпа
20. Наша қолданба
21. Түрлі спирттік ішімдіктерді, қант қосылған (Кола, Фанта сияқты) денсаулыққа зиянды сусындарды ішпе
22. Ата-ананы құрметтемеуден аулақ бол, себебі олар саған бар өмірін арнады.
23. Зина жасама
24. Кісі алдаудан аулақ болу
25. Теріс діни ұстанымдардан аулақ болу міндет.
26. Қарыз алып белгіленген уақытта қайтармағандар, сөзінде тұрмағандар, кісі алдағандар, ұрлық жасағандар, жалпы жаман іспен айналысатындар ез, қарабет саналады. Мұндай әрекеті әшкере етілген адаммен қол беріп амандасу, оларға құрмет көрсету, араласу, дастархандас болу, олардың артынан еру, жанында жүру ұят саналады.
27. Көңілге қонымсыз жаман іспен (ұрлық, жемқорлық, кісі алдау) айналысып жүрген адамның артынан ермеу міндет.
28. Қазақтың қазақты алдауға, үстінен пайда тауып, таразыдан, ақшадан жеуіне тыйым салынады. Ондаймен айналысатындармен дастарқандас болу, араласу, амандасу ұят саналады. Мұндай теріс әрекеттерге барған адамдар кінәсін мойындап, кешірім сұрап, алғанын қайтарса, жазасын өтесе кешіріледі.
29. Қазақтың қазақты өлтіруіне, тонауына, алдауына, әлімжеттік жасауына, бірінің сыртынан бірі негізсіз, куәсіз жаман сөз айтуы ұят саналады. Мұндай әрекетке баруға тыйым салынады. Бұған жол бергендер мігіт, ез, қарабет саналады. Мұндай әрекеті әшкере етілген адаммен қол беріп амандасу, құрмет көрсету, араласу, дастархандас болу, олардың артынан еру, жанында жүру ұят саналады.
30. Жарыса сөйлеуге
31. Орынсыз күлуге
32. Орынсыз ұрынуға
33. Басқаларға қол тигізуге
34. Өтірік, өсекке
35. Кісіге қарай керіліп есінеуге
36. Тамақты обырлана асауға
37. Ұрлық-қарлыққа
38. Ұятты мүшелерін ашып жүруге
39. Қызыл іңірде жатуға
40. Түске дейін ұйықтауға
41. Салт-дәстүрден аттауға
42. Елді ғайбаттауға
43. Үлкендердің жолын кесуге
44. Ұрыс-керіске
45. Қараулыққа, ысырапқа
46. Рахымсыздық пен қатыгездікке
47. Жат жыныстылармен араласып жатуға
48. Әдепсіз сөзге
49. Адам мен жануарларды тебуге, кісіні қорлап жәбірлеуге
50. Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасауға
51. Айғай-сүреңге
52. Қызғаншақтық пен күншілдікке
53. Менмендік пен өзімшілдікке
54. Алдап-арбауға
55. Көрсеқызарлыққа
56. Нәпсі құмарлыққа
57. Әскерде, күнделікті өмірде әлімжеттікпен айналысуға тыйым салынады.
58. Ғылым – білімге қатынасы
59. Ұлт тарихын білу (сақ, ғұн, Түркі қағанатының құрылуы және ыдырау себептері, Қазақ хандығының құрылуы, Керей-Жәнібек, Қасым хан кезеңі, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар кезеңі, Тәуекел хан, Есім хан, Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, үш жүздің басын қосқан Абылай хан кезеңі, қазақ – жоңғар соғысы, «Шаңды жорық», отарлану кезеңі, ұлт – азаттық көтерілістер, Алаш зиялыларының жолы, 1921 және 1932 жылдардағы ашаршылық, 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы, Қазақстан Кеңес дәуірінде, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, Қазақстанның 1991 жылы Тәуелсіздік алуы).
60. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін, батырлар руға бөлінбейді қағидатын ұстану.
61. Жеті атасын білу (ру, я тегін айтса оның барша қазаққа сіңірген еңбегін айту міндетті)
62. Өзі таңдаған мамандығының, кәсібінің нағыз шебері болу
63. Тұрақты түрде ізденіп, дамуы міндет
Құрметі
64. Ата-ананы құрметтеу. Ата-анасына қолғабыс жасау, солардың көңілінен шығу. Алыста болса күнсайын хабарласып көңілдерін сұрау.
65. Үлкендерді құрметтеу
66. Елдің жайын айтқан кісіге, Отан қорғаған, адал еңбектеніп жүрген, жасы келген адамдарға, елдің іргеленуіне күш салып жатқан адамдарға құрмет білдіру, көмектесу міндет.
67. Есті қазақтың өзара сыйласуы міндет, бұл елдің бірлігін арттырады.
Жиын, топтарда, дастархан басында орналасу реті
68. Дастархан, жиындарда төрге үй иесімен бірге бүкіл елдің жайын айтатын, елдің іргеленуіне еңбек етіп жүрген аса қадірлі қайраткер немесе ғалым адамдар отырады, олардың таза, мәрт болулары маңызды. Қалған адамдар жасына, құрметіне қарай орналасады. Қайраткер, ғалым адамдар болмаса, төрде бір орын бос қалуы қажет. Үй иесі жастарға бұл жерге тек елге еңбек сіңірген азаматтың отыратынын айтқаны абзал. Бұл жас ұрпақтың санасына ел үшін қайраткерліктің қадірін арттырады.
Дауларды шешу
69. Екі жігіттің арасында болмаса жігіттер тобы арасында өзара жеке басындағы келіспеушіліктер орын алса және оны екеуара отырып шешу мүмкін болмаса, екеуіне сыйлы адамға, әкелеріне, ағаларына бұл туралы хабарлауы, аталған келіспеушілікті шештіруге, төрелік айтқызулары міндет. Дауласқан екі жақ жасы үлкен адамдардан өздеріне төрелік айтуды сұраса, олардың жастарға көмектесулері міндет.
70. Ол даулары сөзбен шешілмейтін жағдай болып, бір-біріне қол жұмсауға дейін барар болса, бірін – бірі жекпе-жекке шақыруы мүмкін. Бұл жағдайда әуелде екеуара шығып күресуі, ал оған тоқтамай бір – біріне қол жұмсарлық болса, бірінші қан шыққанша дейін ғана дауласуы ғана мүмкін. Жекпе-жек спорт залында, боз кілемде, рингте немесе соған сәйкес келетін орында өтуі шартты. «Ер шекіспей, бекіспейді» орын алған келіспеушілікке парасатпен қарау қажет.
71. Жекпе-жек барысында өзін қорғауға әлі жетпей құлаған, не жерге отырған адамды ұруға жол жоқ. Оған жол бергендер ез, мігіт саналады. Ондайлармен дастархандас болу, араласу ұят саналады.
72. Бір адамға бірнеше адамның жабылуына жол жоқ.
73. Өзара дау барысында суық қару қолдануға тыйым салынады.
74. Жекпе-жекті сырттан қарағандарға жекпе-жекке қосылып, бір жаққа болысып, екінші адамды жабылып ұруға тыйым салынады. Ондайлар жігіт емес, мігіт, ез саналады. Оларға қол беріп амандасу, дастархандас болу ұят саналады. Мұндай адамдар кінәсін мойындап, жапа шеккен адам мен көптің алдында кешірім сұраса және келтірілген шығынды, сондай-ақ жазасын өтесе ғана бұл әрекеттері кешіріледі.
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
