15 ҚАЗАН-ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ КҮНІ
Posted by: Қалмұрат
in News, Жаңалықтар, Мерекелік шара, Руханият
21/10/2026
19 Views
Армысыздар, қадірлі оқырмандар! 2019 жылы Қарағанды қаласында тұсауы кесілген Қазақ ұлттық күнтізбесі жобасында 19 қазан-Қазақ жігіттері күні болып белгіленген. Бұл күні 1924 жылы қазақтың батыр ұлдарының бірі Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен сарбаздардың бірі Рақымжан Қошқарбаев туған.
Қазақ қоғамында Жігіттер институты қашаннан да үлкен рольге ие болған.Отбасының тірегі, ел мен жердің, қазақ қыздарының қорғаны болған жігіттер қазақ қоғамын құраушы маңызды институттарының бірі. Қазақ жігіттері дегенде ойымызға Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хан, Тәуке хан, Кенесары хан сынды ұлы тұлғаларымыз ойға оралады.
Сіздерді Республикалық Qazaq club атынан Қазақ күнтізбесінің осынау айтулы күнімен құттықтай отырып, қазақ жігіттері жаһандану заманында өз бітім — болмысын сақтап, еліміздің тірегі, жеріміздің қорғаны бола берсін демекпіз. Бұл күн қазақ жігіттерінің қоғамдағы роліне тағы бір мәрте назар аудартып, қазақ қоғамының дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Осы орайда сіздерге 19 қазан — Қазақ жігіттері күніне орай Республикалық Qazaq club арнайы әзірлеген «Ер жігіттің — 100 міндеті» атты жинақты ұсынуды жөн көрдік.
Айта кету керек, аталған қағидалар «Қазақ жолы» ар-ождан қағидалары жинағының және «Халық мұрасы» бағдарламасы аясында әзірленген.
Құрметпен,
Нұржан Сұршаұлы,
Республикалық Qazaq club жетекшісі, онбасы.
2026-10-21