Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » Ұстаздық жолын адалдықпен өрнектеген Даулетбаева Гульнара Қуанышбекқызы

Ұстаздық жолын адалдықпен өрнектеген Даулетбаева Гульнара Қуанышбекқызы

        Ұстаз — ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, білім мен тәрбиені қатар ұштастыратын қадірлі тұлға. Осындай өнегелі жандардың бірі — Даулетбаева Гульнара Қуанышбекқызы.Ол саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндеті еткен ұстаз.
       Ол 1967 жылы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының Ш. Ділдебеков ауылдық округіне қарасты бірінші бөлімшеде дүниеге келген. Бала кезінен білімге құштар болып өскен Гульнара Қуанышбекқызы білім жолындағы ізденісін үздіксіз жалғастырып, кәсіби біліктілігін шыңдады.
      1984–1986 жылдары Алматы қаласындағы №5 полиграфиялық училищеде білім алып, оқуын үздік нәтижемен аяқтады. Кейін білімін қыздар педагогика инситутына түсіп одан әрі жетілдіріп, 1993 жылы оқуын тәмамдады. Туған ауылына оралған соң өзі білім алған мектепке жұмысқа орналасып, ұстаздық еңбек жолын бастады.
       1999 жылы жоғары білім алу мақсатында география және биология факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы оқуын сәтті аяқтады. Содан кейін Қазымбет Дәрімбаев атындағы орта мектепте география және биология пәндерінен сабақ беріп, шәкірттерінің білімін тереңдетуге, табиғатты танып-білуге және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлді.
        Гульнара Қуанышбекқызы оқушылардың ғылыми жобаларға қатысуына жетекшілік жасап, олардың шығармашылық ізденістеріне жол ашты. 2002 жылы оқушысы Керімбекова Мираның ғылыми жобасына жетекшілік етіп, оның жетістікке жетуіне үлес қосты. Ал 2005 жылы оқушысы Жұматаева Назираның «Мақтаарал ауданының географиялық орны мен экологиялық проблемасы» тақырыбындағы ғылыми жобасы да жоғары бағаланып, ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетті. Шәкірттері, Өмірхұл Айгерім, Тасыбек Жанболат, Ыбрайым Мықтыбай,Ташкенбай Дана, Балтабай Айжан, Тас Нұрасыл, Ыбирайм Дінмухаммед.  Ғылыми жоба бойынша жетістікке жетіп мектептің мәртебесін көтерді. Шәкірттерінің жетістіктері ұстаздың кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығының айқын көрінісі болды.2013 жылдан бері осы мектепте директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
      Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білім мен тәрбиені қатар ұстанатын ұстаздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Оның есімі «Ел ардақтылары» және «Арда туғандар» кітаптарына енгізіліп, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болды.
      Гульнара Қуанышбекқызының өмір жолы — табандылықтың, ізденістің және ұстаздыққа деген адалдықтың үлгісі. Ол шәкірттерінің бойына білім нәрін сіңіріп қана қоймай, олардың ізденімпаз, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті. Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі де — білімді ұрпақ пен шәкірттерінің жетістігі.
      Ұстаздықты өмірлік мұрат еткен Гульнара Қуанышбекқызының еңбегі — кейінгі ұрпаққа өнеге, білім саласына қосылған құнды үлес.
Социал Ақшархат,
№41 Қ.Дәрімбаев атындағы ЖББМ КММ қосымша білім беру педагогы.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...