Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 Әлеумет Archives - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет

Әлеумет

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келіп, өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты. Осы сапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, білім беру және әлеуметтік саладағы нысандардың жұмысы, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.         Жұмыс сапары «ҚазКСР-нің 40 жылдығы» ауылындағы ...

Read More »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

         Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков төрағалық етті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ...

Read More »

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

         Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға еңбек тәжірибесін жинақтауға, табысын арттыруға және еңбек нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретін субсидияланатын жұмыс орындарын құруды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 69,8 мыңға жуық адам орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек ...

Read More »

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

          Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұрақты тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына, сондай-ақ басшылық лауазымдарды атқармайтын кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатынын хабарлаймыз.           Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі ...

Read More »

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты кепілі – сапалы білім мен мемлекеттік тілдің өрісі кең, мәртебесі биік болуы. Сондықтан Қазақстанда білім беру жүйесін жетілдіру, тіл саясатын жүйелі дамыту, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл міндеттер Мақтаарал ауданында да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты нәтижесін ...

Read More »

АУДАНДА ТӨРТ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

         Мақтаарал ауданында білім беру саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Оқушылардың заман талабына сай, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда білім алуына жағдай жасау мақсатында аудандағы бірқатар білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.         Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары бүгінде «Мырзакент» мектеп-гимназиясында, «Мақтаарал» мектеп-гимназиясында, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде ...

Read More »

ЖҮКТІЛЕРДЕГІ ГИПЕРТОНИЯ – АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУІП

          Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Осы уақытта болашақ ананың денсаулығына ерекше көңіл бөлу қажет. Солардың ішінде жиі кездесетін мәселелердің бірі – артериялық гипертония, яғни қан қысымының жоғарылауы.          Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік кезінде қан қысымының көтерілуі ана мен бала үшін қауіпті асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан әр жүкті әйел өз ...

Read More »

АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ – XXI ҒАСЫРДЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ДЕРТІ

           Бүгінгі таңда әлемде ең жиі кездесетін аурулардың бірі – артериалды гипертензия. Бұл дерт жас талғамайды. Бұрын көбіне егде жастағы адамдарда кездессе, қазіргі кезде жастар арасында да жиілеп барады. Артериалды гипертензия – қан қысымының тұрақты түрде жоғарылауы. Дәрігерлер бұл ауруды «үнсіз жау» деп атайды. Себебі көп жағдайда адам өзінің ауырып жүргенін байқамай жүруі мүмкін.     ...

Read More »

ЖҮКТІЛІКТІҢ 10 АПТАСЫНА ДЕЙІН ЕСЕПКЕ ТҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

          Жүктіліктің 10 аптасына дейін есепке тұру — ана мен бала денсаулығын бақылау, асқынулардың алдын алу және ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау үшін өте маңызды. Бұл мерзімде дәрігерлік бақылау жүктіліктің дұрыс өтуін қамтамасыз етеді, медициналық көмекті уақтылы алуға және алғашқы маңызды скринингтерден өтуге мүмкіндік береді.          10 аптаға дейін есепке тұрудың негізгі себептері ...

Read More »

КЕНЕДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

       Күн жылынған мезгілде далаға немесе тауға демалысқа баратын отбасылар мен жастар саны артатындығы белгілі. Осы мезгілде қыс бойы ашыққан кенелер күн жылына қорек іздеп, зияны тек жануарларға ғана емес, адамға да зор қауіп төндіреді. Негізінен кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап жаздың соңғы айларына дейін ұласады.       Кененің негізгі қорегі – қан. ...

Read More »