Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Еңбекке жол ашқан мүмкіндік - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        Тұрақты жұмыстың болуы – отбасы әл-ауқатының, ал білікті маманның қалыптасуы – ел экономикасының берік негізі. Сондықтан халықты жұмыспен қамту, жаңа кәсіп меңгеруге жағдай жасау және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
        Бұл бағыттағы жұмыстардың конституциялық негізі де айқын. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 3-бабында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім құндылықтары мемлекеттің негіз құраушы қағидаттары ретінде бекітілген. Ал 27-бапта әркімнің еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы белгіленген.
      Осы қағидаттар азаматтардың еңбек етуіне қажетті жағдай қалыптастырумен қатар, заман талабына сай мамандық игеруіне де жол ашады. Бүгінде еңбек нарығы өзгеріп, жаңа кәсіптер мен кәсіби дағдыларға сұраныс артып келеді. Мұндай жағдайда кәсіптік оқыту – жұмысқа орналасудың ғана емес, адамның өз мүмкіндігін кеңейтудің тиімді жолы.
       Кәсіптік білім беру арқылы азаматтар сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, біліктілігін арттырып немесе жаңа кәсіпке қайта даярлана алады. Әсіресе, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндіріс орындарымен байланысын күшейту жастардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік береді.
       Жастарды еңбекке баулу мәселесіне де айрықша мән беріліп келеді. Мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, кәсіби дағдыларды ерте қалыптастыру және еңбек нарығына бейімдеу – жас буынның болашақ кәсібін дұрыс таңдауына ықпал етеді. Бүгін кәсіп үйренген жас – ертең еңбек нарығында өз орнын табуға ұмтылатын білікті маман.
       Жұмыспен қамтудың тағы бір маңызды бағыты – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Өз кәсібін ашуға ниетті азамат үшін білім мен тәжірибе аса қажет. Кәсіп жүргізудің қыр-сырын меңгеру, қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа дағдыларды игеру адамның өз ісін бастауына мүмкіндік береді.
       Еңбек пен кәсіптік оқыту – бір-бірімен сабақтас ұғым. Сұранысқа ие мамандықты меңгерген, кәсіби білімі мен дағдысы бар азаматтың еңбек нарығындағы мүмкіндігі де кеңейеді. Ал білікті кадр – кез келген саланың дамуына серпін беретін негізгі күш.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        ...

«СУДЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ АЛДЫҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

        ...