Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        Қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық тәртіп – елді мекеннің көркі ғана емес, тұрғындардың құқықтық мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің айқын көрсеткіші.
        Осы маңызды жайға орай Мақтаарал ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
       Аудан аумағында тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тиісті сала мамандары мен жауапты мекеме өкілдерінен мобильді топ жасақталған. Топ мүшелері қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын аумақтарды тұрақты аралап, рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
        Атап айтқанда, саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары, базарлар, аулалар және өзге де қоғамдық аумақтар назарға алынып, санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының орындалуы тексерілуде. Рейд барысында тұрғындарға қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және абаттандыру нысандарына ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
       Жүргізілген аралау нәтижесінде тазалық талаптарын бұзудың 18 фактісі анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 1 әкімшілік хаттама, 505-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама рәсімделді. Заң талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға тиісті шаралар қолданылып, жалпы 164 275 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
        Мобильді топтың жұмысы тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмейді. Негізгі міндеттердің бірі – тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тазалық пен қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті қалыптастыру.
         Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршаға ортақ міндет. Көшені, ауланы, демалыс орындарын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастамау – қарапайым ғана талап болғанымен, оның қоғам үшін маңызы зор. Сондықтан аудан аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

«СУДЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ АЛДЫҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

        ...