Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ – БАЛА БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ – БАЛА БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ – БАЛА БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

         Сапалы білім мен тағылымды тәрбие – ел болашағының берік негізі. Осы бағытта 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге, оқу сапасын арттыруға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
        Үкіметтің 2026 жылғы 29 қаңтардағы №56 қаулысымен бекітілген тұжырымдамада оқу сауаттылығын арттыру, білім мазмұнын жетілдіру, цифрлық дағдыларды қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту және балаларды қосымша біліммен қамтуға басымдық берілген. Бұл міндеттер оқушының тек білім алып қана қоймай, алған білімін өмірде қолдануына, өздігінен ізденіп, талдау жасауына мүмкіндік беруді көздейді.
          Жаңа 2026–2027 оқу жылында Мақтаарал ауданындағы 61 мектепте 29 910 оқушы білім алуда. Оның ішінде 2 804 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жазғы демалыс кезінде 9 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Мырзакент», «Мақтаарал» мектеп-гимназиялары, О.Бапышев атындағы және «Жаңа жол» мектептері күрделі жөндеуден өтті.
        Сонымен қатар, ауданымызда жаңа мектептер салу және білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекеніндегі 600 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Атакентте 1500 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар білім алушыларға заманауи әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
         Білім сапасын арттыруда педагогтердің кәсіби шеберлігі де маңызды. Сондықтан мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру, оқу үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық технологияларды енгізу, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын және шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.
        «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының міндеттері Мақтааралдағы білім беру саласының даму бағыттарымен үндеседі. Білім мазмұнын жаңарту, мектептердің материалдық базасын нығайту және әр баланың қабілетін ашуға жағдай жасау – болашақтың білімі мен білігін қалыптастыратын маңызды қадам.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...