Home » Business » ЕРТЕ ТҰРУҒА ӘДЕТТЕНЕЙІК!

ЕРТЕ ТҰРУҒА ӘДЕТТЕНЕЙІК!

        Байырғы бабаларымыздан бізге бұзылмай жеткен; “Ерте тұрған жігіттің ырысы артық ,ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” дейтұғын тамаша өсиеті бар екенін тағыда бір есімізге түсірелікші, қанекей…яғни көнеден келе жатқан осы бір тәлімді тәуірірек тәпсірлер болса арайлап таңмен таласып ерте тұру кез келген жігіттің отбасылық өмірінің берекесі бекір, ырысы артып, шаңырағына шаттық шуағының шашыларына шүбәсіз сенесіз. Жігіттің жанұясының ризығы сөзсіз молаяды. Ал ерте тұрған әйел затының шаруалары шалқаймай,ісі тезірек бітіп ырысының іргелілеуіне ешқандайда шүбә келтірмей ақ қойыңыз.
         Осындай үлгілі үрдіс тек қана қазағымызға тән десек жаңылысамыз. Себебі басқа халықтарда да бар көрінеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін көне парсы жұртын алайық. Олар “ ерте тұрған адамның арман-мақсаты ерте орындалады” десе, қытайлықтар “Таңда ұйықтап жатқан  адамның бақыты өзімен бірге ұйықтайды” дейді екен. Осы қаптаған қара қытайдан да өнеге алар тұтас көп ақ. Олар тәулігіне 8 сағат жұмыс істеу керек деген халықаралық еңбек ережесін жақсы біледі. Алайда өздері 12-14 сағат бойы тыпырлап тынбайды. Бәлкім елдерінің эканомикасының қарқындап дамуының бір ұшы осында жатыр емес пе деген ойға қаласын. Енді өзіміздің жұртымызға орала қояйық . XIV  ғасырда өмір сүрген Майлы қожа жырау; “ Жаман тоймас мал десе, Айхай тоймас жер десе, Ел тіреуін береді, Ертеден тұрып өрлесе” деп ерте тұрудың нығметі жайлы жыр жауһарын төгіпті. Өз кезегінде үлкен жетістіктерге жеткен шығаршылық адамдары аса құнды туындыларының ең бір тамаша әрі көркем сәттерін таңмен таласа жазатын жайлы көптеген дәлелдер келтіре аламыз . Мәселен Ахат Құдайбергенов өзінің әкесі Шәкәрім жайлы “ Жұлдыз” журналына жазғанынан кішкене ғана үзінді келтіре кетейік. Әкей жарықтың басты-басты терең ойлы шығармаларын таңертен ерте тұрып ,ғаламға арайлы таң шапағы шашылған тұста жазатын еді, дейді естелігінде.
         Үлкен қаламгер, қырғыз халқының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтманов өзінің кемел туындыларына арқау болған керемет көрікті ойлар мен сұлу сюжеттер тек таңғы серуен үстінде көкей көкжүрегіне тыңнан түрең тарта құйылатын жасырмайды. Таң нұрымен нәрленген фрагменттері жайлы естелік жазып қалдырыпты. Осында айтып отырғанымыздай, адам баласына дүниелік береке һәм шығармашылық шабыт силайтын таңғы уақыттың тыныш сәті, мен арайлы шағы туралы лирик ақын Сырбай Мәуленов өзінің “Таңғы тыныштық” атты жырында:
        “ Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,
           Дүние дәмін алып қалды жатып.
          Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға,
           Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып,
           Аялап таңның осы тыныштығын,
           Таратып көкжиекке нұр ұшқынын!
            Келеді алтын орай көтеріліп,
            Бастауға күллі әлемнің жұмыс күнін ’’, – деп жырлағандай кімде-кім таңнан шабыт іздесе не болмаса ризық – береке тілесе оны тәңірдің өзі де қолдайды екен. Аса қадірлі пайғамбарымыздың ( с.ғ.с ) Таң намазын оқығаннан кейін ризықтарыңды табудан қапыда қалып ұйықтамаңдар. Ертерек тұрып, ертерек қамданса Алла Тағала нәсіп етіп, ол пенде дегеніне қол жеткізеді деп тегіннен тегін өсиет қалдырған жоқ. Сол сияқты: “ Таңғы сауда – сауда, түскі сауда – қауға ” деген атам қазақтың даналық сөзі де бар емес пе ? Бұл ұғым бір жағынан ерте тұрып жасалған сауданың берекелі болатынын білдірсе, екінші жағынан адамның ең үлкен базары – оның өмірі екенін меңзеп тұрғандай. Айталық, мына бір бейіт басында; « Таңғы уақыт – уақыттардың тірегі. Ұлы Алла таң мен түнде тұр деді. Таң азанмен дұға қылып сұрасаң, Тірлігіңнің мәні сонда ілесе кіреді. Ғапыл адам таңғы уақыт қадірін, күндіз кетіп кеш батқанда біледі дегені тәрізді.
        Әлем мұсылмандары білетін төрт мәзһаб имамдарының бірі имам Шадоиғи бірде таң намазынан кейін үйіне қайтып келе жатып, бір бейтаныс кісімен кездесіп қалады. Әлгі адам имамға бірінші болып сәлемін береді де, жақсы тілек-дұғасын жасап болып: “ Қалай таңды атырдыңыз? ” деп сұраған екен. Сонда имам Шадоиғи таңды қалай атырғанын былайша түсіндіріпті: « Менен таңды сегіз нәрсені қалаған күйде атырдым ». Сұрақ қойған кісі имамның бұл жауабына түсінбестен аң-таң қалады. Сөйтеді де, Уа имам! Сізден кім сегіз нәрсені талап етуші еді ? Біліп естуіміз ше сіздің ешкімде ақыңыз жоқ емес пе ?! деп таңырқай қарапты. Әңгіменің астарына түсінбеген пендеге күлімсірей қараған имам: “ Мен сізге әр күнгі таң менен нені қалайтынын айтайын ” , дейді де: – Жаратқан Алла менен парыз амалдарын қалайды. Алланың елшісі Мұхаммед ( с.ғ.с ) пайғамбар менен өзі өсиет еткен сүннетін қалайды; Әйел, бала-шағам күнделікті нәпақасын қалайды; нәпсім өзіне бағынғанымды қалайды; шайтан ізіне менің ергенімді қалайды; екі иығымдағы екі періште жақсы және жаман амалдарымды жазғанымды қалайды; жан алушы періште болса, өлімге дайын болуымды қалайды. Мен осылармен бірге таңды атырамын. Әр күні осы сұрақтар менен жауап күтеді, – депті.
  Жеңіс СЕРІКБАЙҰЛЫ,
Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...