Home » Қоғам » Жас буын » ТАЛАНТТЫНЫ ТАНУ ҚИЫН БА?

ТАЛАНТТЫНЫ ТАНУ ҚИЫН БА?

          Бүгінде «Менің бабам болыс болған», «біздер батырлар мен хан-қағандардың ұрпақтарымыз» деп ұрандатып жүргендердің қарасы көбеюде. Бәлкім, бұл да жақсылықтың нышаны шығар-ау деп көңілімізді аз-маз демеп қоятын жайымыз бар. Әсілінде даңққұмар, даңғазғойлықтың жарқын көрінісі  ғой бұл қылығымыз. Негізінде адамды көзі тірісінде бағалаған жөн сияқты қазіргі күнгі спорттың қай саласын алсаңызда ішінен бүлінген тоқырауға ұшыраған мүшкіл аянышты халін айқын аңғаруға болады. Жылдар бойы қордаланған сыздауық-проблеманың жарылған сәтін Токиода өткен олимпиадада көрдік. Қазақстанның гимнінің орындалмауы былай тұрсын, күміс медальдің өзі қоржынға түспеді.
          Бажайласақ, спорттың айналасында ұлт мүддесінен гөрі жеке қараған басын қамын көбірек күйіттеп ойлайтын пысықайлар қаптап кеткен екен.
          Сөзіміз дәлелді болуы үшін орын алған оғаштықты тарқатып айтпай кету күнә шығар ау. Спорт саласына жауапты мәдениет және вице-министрі алаяқтығы үшін сотталды.
         Амбициясы асқақ жоба ретінде басталған «Астана» Президенттік спорт клубы мақсатсыз жұмсалған қыруар қаржының кесірінен, ақыры соңында жабылып тынды. Ал қазіргі күнгі спорт функционерлеріне халықаралық додаларда ұлт ұпайын түгендегеннен гөрі жеке қалтасына түсетін қаржыны санаған әлдеқайда пайдалы, әрі тиімді сияқты ау шамасы. Әйтпесе қазынадан қомақты қаржы бөлініп отырған ел спорты осыншама деңгейге дейін құлдырамас еді ғой. Еліміздің спорт саласындағы жетістіктер туралы сөз бола қалса сөз жоқ, Көркем Ахметов, Октябрь Жарылқапов, Қабден Байдосов, Қазыбек Байболов, Эдуард Айрнх, Михайл Жаботинский, Илья Илин, Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Бекет Махмудов, Вадим Псарев, Керей Қайшыбек, Саян Шаймерденов, Мұстафа Өзтүрік, Бексейіт Төкеев, Елена Рыбакова, Зульфия Шиншанло сияқты талай таланттың томағасын сыпырған тұлғалар еске түседі. Спорт арқылы елдің рухын асқақтатуға өлшеусіз үлес қосқандардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғынбаевтың есімі айрықша аталады. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын нағыз жанашыр жан. Айтулы Сидней олимпиадасының алдында Астанада әлемдік бокстың марқасқалары бас қосқан-ды. Бокс мәселелерін талқылауға қатысты кезекті жиын болатын. Сол бір алқалы тарихи отырыста Қазақстан бокс Федерациясының президенті ретінде Нұрлан Балғымбаев: «сіздерден қазақ оқушыларының ойынын асыра бағалаңыз деп сұрамаймыз, ең бастысы біздің жігіттердің боксын әділетті бағаласаңыз болды» деген екен.
        Жахандық бокстың  жілігін шағып, майын ішкендер ірілік танытқан Балғымбаевтың сөзін зерделеріне мықтап түйсе керек. Алаш оғыландарының бағын байламады. Олимпиадада Сидней рингінде Қазақстандық 2 боксшы алтын мен 2 күміс медальді төстеріне тақты. Ал Серік Қонақбаев халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті мен Азия конфедерациясының президенті болған тұста, қазақ боксының бағындыратын биігі аласырып кеткен сияқты…. Гәп қызметте, кәсібилікте емес, елдік мүддеде. Әрбір кісінің азаматтық ұстанымында. Бұл жерде біз адамның ар алдындағы адалдығын айқын аңғарамыз. Жалпы жемқорлық жайлаған жерде адамгершілік, ізгілік, жетістік жайлы әңгіме айтуға бола ма? !
       Адамның ниеті таза болмаған жерде көрсеткіш жоғары болмайтыны айдан анық. Кейбір жаттықтырушылардың халықаралық жарыстарға, олимпиадаға елдің абыройы үшін жанын салатындарды емес, ортаң қол спортшыларды қосатыныда сол. Бұл не? Таланттыны танымау ма? Немқұрайлық пен мемлекеттілік пе?
        Осындай құқайларды көрген, түсініп түйіп тауы шағылған кейбір дарынды дарабоздар жас кезінде халықаралық додаларда атой салып, ересектер құрамасындағы ахуалды аңғарған соң, кәсіби боксқа ауысып жататыныда сондықтан. Себебі сол-нағыз таланттыны танығысы, түсінгісі келмеуден. Әлгі кәсіби боксқа кетушілердің Олимпада төрінде тұрғысы келмейді деп сізге кім айтты? !
        Қазақстанның гимнін  шырқатқысы келеді. Елдің абыройын асқақтатып, беделін биіктетуге құштар-ақ… Бұл бұл ма? Ауыр атлет Альберт Линделдің жігіт жасында өмірден бас кешуіне не себеп? Ол неге күйзеліске ұшырады? Қолы сынғаннан кейін неге керексіз болып қалды? Кезінде Азия чемпионы болды. Жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды. Алар асуы, бағындырар биігі көп еді.
         Осындайда, Қазақстанның байрағын желбіретіп, Гимнін шырқатқан саңлақтардыңда құны көк тиын болғаны ма деп күйінесің, күңіреніп,күйзелесің. Сансыз сұраққа жауап табалмай қиналасың да қоясың. 24 жасында Олимпиада чемпионы атанған Шәміл Серіковтың 32 жасында өмірден өтуіне кеңестік жүйенің кесірі тиді деп, өзімізді өзіміз жұбатқанбыз. Ал бүгінгі күнгі қылығымызға не жорық? Кеңес Одағы кезіндегідей Қазақ спортшыларының бағын Мәскеу байлап отырған жоқ. Өз алдымызға тәуелсіз ел ретінде өмір сүрудеміз. Спортшылардың жаттығуына, жаттықтырушылардың баптауына да жағдай жасалған, қаржы да жеткілікті бөлінуде. Халықаралық жарыстардан жүлделі оралған сайын спортшығада,бапкеріне де сыйақы беріледі. Алайда қаржы көп жерде ашкөздік белең ала түсетіні де белгілі. Бапкерге жарақат алған спортшыны сауықтырып, емдетуден гөрі басқа спортшымен ауыстыра салу әлде қайда тиімді сияқты. Өркениетті қоғамда елдің абыройын асқақтатып,әлемге танытқан саңлақ түгілі, қарапайым адамның тағдырына да бейжай қарауға болмайтыны түсінікті емес пе?
        Иә, ең қымбат құндылық-адам.
        Ал адамдар арасынан таланттыны табу, тану – үлкен өнер. Солай бола тұрсада тәуелсіздік тұсындағы осал тұстарымызды айтпай кету әбестік дер едім. Қазақстанның құрылыс индустриясында да былық баршылық. Жол жөндеу жұмысы, үй салуы, әлеуметтік нысандар тұрғызуда сапаға көбірек көңіл бөлінсе екен дейді, былайғы жұрт. Сылағы сырғыған, кәрізі қалқаңды қабатын, подвалы маса мен бүргеге, көртышқанға толған су жаңа ғимараттарды көргенде көңілің құлазиды. Жаңа Қазақстанды жаңаша құрамыз деп білек сыбана кіріскен кезімізде жауапкершілікті барынша кезекке қойсақ игі…
       Жауапкершіліктің жоқтығы өмірдің сан саласын жайлағаны рас дүние. Жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай боп бір кездері елдегі жекеменшік оқу орындарының 160-тан асып  жығылғаны әлі есімде. Шіркіндер-ай диплом дегеніңізді кез келген көлденең көп аттыға үлестіре бердім-ау…..Сөйтіп кадрдан кадрға кетті. Ақылды дүние билеген дүрмек келді. Құдайға шүкір айқайлап жүріп біразынан құтылғандай болып жүрдік ау. Бұл жерде айтпағымыз әлгі жоғарғы оқу орындарындағы білім беру ісінің саяздығы еді ғой. Білімсіз біліксіздермен бір сапта сауатты, өз ісіне мығым, обал мен сауапты жақсы білетін мемлекеттік оқу ордаларында тәлім алған талантты тұлғалар жүрді. Өзім өмірімнің 43 жылын педагогикаға арнаған кәсіби ұстаз ретінде байқағаным небір мықты мамандардың еңбегі ескерілмеді.
         Жетісайда 75 жастағы Жұмәділлә Шәймерденов деген ағамыз тұрады. Кезінде Ташкент мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік тәмамдаған. Бүкіл саналы ғұмырын мектеп өміріне жұмсады. Терең біліміне бай тәжірибесі шебер үйлескен ағамыз кез-келген ғылым кандидатын шаң қаптырады.  Солай бола тұрсада ағайға ешқандай марапат бұйырмады. Ал кісіден білімі таяз, қалтасы терең пысықайлар білім беру ісінің үздігі болып кетті. Міне пародокс. Сонда ағайдың бар кәнәсі арының тазалығында ма? Жоқ әлде «Ақша кетсе-кетсін, абырой мен атақ жоғалмасын» деген көзқараста болмағандығында ма?  Сұрақ көп….. Бұл жерде жалғыз ғана Шәймерденовтің жылнамасымен шектелмей өмірде өрескел орын алған әттеген-айларымызды да еске түсірелікші қанеки. Атақты композитор, вальс королі Шәмшіні кезінде композиторлар одағына мүше етіп қабылдамаған қазаққа не деуге болады. Сонда тұнып тұрған талантты тану қиын болғаны ма?! Бар сылтау-жоғары музыкалық білімі жоқ дегенге саяды. Апырмай Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Дина мен Сүгірдің бітірген оқу орны қандай еді?…
         Бүгінгі күннің бет алысыназер сала бажайласақ  облыстық құрметті азаматы да орден де бұрын аудан әкімі болғандарға бұйыруы тиіс. Шығармашылықта  жүргендер шет қала береді. Былтыр «Шапағат» деген медаль үлестірілді. «Баяғы жартас бір жартас»  демекші мұнан да қаламгер қауым қалыс қалды. Жалпы талантты тану онша қиында емес. Бірақ шын талантты тауып, танып білуге әзірше құлық жоқ сияқты.
Жеңіс СЕРІКБАЙҰЛЫ,
Мақтаарал ауданың құрметті азаматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...