Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстар соңғы жылдары қарқынды дамып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Осы серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында қазақстандық «Everest Capital Invest Group» компаниясының шақыруымен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданынан және Хубэй провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы Алматы қаласы мен Алматы облысына ресми сапармен келді. Сөз басында айта кетсек,  «Everest Capital Invest Group»  Қазақстанда және халықаралық деңгейде инвестиция тарту, технологиялық жобаларды дамыту және стратегиялық серіктестіктер орнату бағытында жұмыс істейтін компания.

 

       Келген делегация құрамында Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Хуо Ланлан ханым бастаған онға жуық компания өкілдері бар. Қытайлық кәсіпкерлер электроника, медициналық жабдықтар, тамақ өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік, экологиялық технологиялар және инновациялық өндіріс бағыттарында жұмыс істейді.
        Сапардың алғашқы күні делегация мүшелері Алматы қаласының көрікті жерлерін аралап, қаланың мәдени және инфрақұрылымдық дамуымен танысты. Екінші күні кәсіпкерлер Алматы облысының орталығы — Қонаев қаласына болды, облыс орталығы атанғалы қала ерекше екпінмен көрейіп келеді. Әсересе тұрғын үйлер қала ішінде де қаланың жаңа ықшам аудандарында да бой көтеріп келеді. Келген делагация мүшелері алдымен  10-ықшамауданда салынып жатқан «Самұрық» тұрғын үй кешенінің құрылысын көрді. Жоба қазақстандық және қытайлық «Chinese Foreign Construction Company» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан ауқымды құрылыс жобасы болып табылады. Жалпы аумағы 11,6 гектарды қамтитын кешеннің құрылысы 2029 жылы аяқталады деп жоспарланған. Танысу  жобасында барысында өз алдына автопаркі, балалар ойын аллаңы, футбол алаңы тіпті су бұрқақта барлығын көріп, бұл ЖК болашақтағы ең мықты аудан боларына кәміл сенім білдірдік.
        Құрлыс алаңынан кейін  делегация Қонаев қаласы әкімдігінде қала басшылығымен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың әлеуеті мен бірлесіп жүзеге асыруға болатын жобаларды талқылады. Тараптар өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
       Сапардың үшінші күні қытайлық кәсіпкерлер Алматы қаласындағы Нұрлы Тау кешеніне шықты. Бұл жерде Алатау инвест компаниясына  арнайы кіріп шықты.  Келген қытайлық кәсіпкерлерге компания қызметкерлері  Алатау каласы мен Алматы облысының  инновациялык мүмкіндіктерін таныстырды.
       Сөз арасында делегация мүшелері тұрғын үй, қатты тұрмыстық қалдықтар өңдеу, карыз суы, ауыл шаруашылығы, туризм, кен орындарын игеру бойынша көптеген сұрақтар қойып жауап алды.
       «Біздің мақсатымыз – инвесторларға нақты қолдау көрсету, Қазақстанды өңірлік іскерлік орталыққа айналдыру. Алатау – жаңа идеялар мен ірі жобалардың жүзеге асу алаңы», – дейді компания өкілдері.
         Нұрлытаудан кейін,  Алматы қаласында орналасқан «Сапа» автоклавтық кірпіш зауытында болып, зауыттың өндірістік процесімен танысты.
         Зауыттан шыққан соң, делегация «Tәртіп» АҚ-ның құрамындағы «Green Recycle» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барды. Қоқыс өңдейтін жер демесеңіз айналасы тап таза. Жылы шыраймен қарсы алған зауыт директоры Сергей Колесниктің айтуынша, бұл кәсіпорын 2018 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істеп келеді. Зауыттың қуаттылығы — жылына 550 мың тонна. Қыс мезгілінде тәулігіне шамамен 1100 тонна тұрмыстық қатты қалдық қабылданады. Қазіргі таңда өндіріс тәулік бойы төрт ауысыммен үздіксіз жұмыс істейді.
          Қытайлық кәсіпкерлер осы зауыттағы  экологиялық өндірістің технологиясына ерекше қызығушылық танытып, қалдықтарды қайта өңдеу және энергия үнемдеу бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірді.
         Сапардың соңғы күні делегация «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтында болып, қаланың даму стратегиясымен танысты. Кездесуге «Everest Capital Invest Group» компаниясымен бірге «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Жұмабек Бастаубай мырза қатысты.
        Кездесуге сондай-ақ институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Жанат Абдихалықұлы, даму және оқыту бөлімінің басшысы Айсұлу ханым, жобалау бөлімінің басшысы Халий ханым, сондай-ақ техникалық бөлім өкілдері қатысты.
        Жанат Абдихалықұлы өз сөзінде Алматы қаласының бас жоспары мен даму басымдықтарына егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы уақытта қалаға қажетті инвестициялық және технологиялық бағыттардағы жаңа жобаларды іске асыру маңыздылығын атап өтті.
           Ал Айсұлу ханым өз кезегінде Алматы қаласына смарт-технологиялар, цифрлық урбанистика, жасанды интеллект және «ақылды қала» (Smart City) бағыттарында маманданған шетелдік компанияларды тартудың өзектілігін баса айтты.
           «Біз қаланың экологиялық және цифрлық дамуына үлес қосатын халықаралық серіктестіктерге ашықпыз. Smart City мен жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін компаниялар Алматының болашағына нақты үлес қоса алады», — дейді Айсұлу ханым.
        Сөз кезегін алған жасылдар партиясының мүшесі Жұмабек Бастаубаевта келген қонақтарға партияның экологиялық бағыттағы бастамалары мен қоршаған ортаны қорғау ісіндегі рөлін кеңінен таныстырып, «Байтақ» партиясының экологиялық жобаларды жүзеге асыруға және бұл салаға инвестиция салуға мүдделі шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін атап өтті. Кездесу қызу пікірталас пен өзара тәжірибе алмасу түрінде өтті.
        Шара барысында «Everest Capital Invest Group» компаниясының бас директоры Айбек Ахмет мырза сөз сөйлеп, компанияның стратегиялық мақсаттарына тоқталды.
           «Біздің негізгі миссиямыз  Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тарту және жоғары технологиялар мен заманауи өндіріс үлгілерін енгізу. Біз Қытай, Еуропа және басқа да елдердегі инновациялық кәсіпорындармен серіктестік орнатып, олардың Қазақстан нарығына келуіне қолдау көрсетіп отырмыз. Осындай ынтымақтастық арқылы еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, технологиялық дамуына үлес қосу  басты мақсатымыз», — деді Айбек Ахмет.
           Оның айтуынша, «Everest Capital Invest Group» алдағы уақытта Қытайдың түрлі провинцияларындағы ірі кәсіпкерлер қауымдастықтарымен серіктестікті кеңейтіп, Қазақстанның стратегиялық маңызды салалары энергетика, экология, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуды жалғастырмақ.
       Сапар қорытындысы бойынша Хубэй провинциясының кәсіпкерлері Қазақстанмен өзара іскерлік қатынастарды нығайтуға және нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.
        Қытайлық делегацияның бұл сапары  екі ел арасындағы сенімді серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындаған маңызды оқиға. Хубэй кәсіпкерлерінің белсенділігі мен «Everest Capital Invest Group» компаниясының бастамалары Қазақстан экономикасының тұрақты әрі экологиялық дамуына тың серпін бермек.
                                      Аида ҚОЖМАМБЕТОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

          ...

«ЖЕТІСАЙ» ӨҢІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

        ...

ҚАЛАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

       Мақтаарал ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        ...

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамгершілікке ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

        ...

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

     Жуырда «IT ...