«Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталы (www.sayipqiran.kz) (23.11.2020 жылы ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму минстрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ83VPY00029381 рұқсат беру куәлігі берілген) 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдірген саяси партиялардың бағдарламалық және үгіт-насихаттық материалдарын жариялау құны туралы хабарлайды.
Сайт бетінде жарияланатын үгіт-насихат материалдарының құны тыныс белгілерін қоспағанда, әрбір таңба (символ) үшін 15 (он бес) теңгені құрайтын болады. Сайтымызда жарияланатын әрбір сайлау материалына оның көлеміне қарай 1-ден, 3 данаға дейінгі фотосурет тегін орналастырылады. Егер тапсырыс беруші жақ жарияланатын материалдарға қосымша фотосуреттерді немесе сайлау науқанына қатысты бейнематериалдарды жариялауды қаласа, бұл қызметтер үшін қосымша ақы алынады. Егерде тапсырыс беруші жаққа, үгіт-насихат жұмыстарына қатысты қосымша қызметтер қажет болса, онда олардың құны тараптардың өзара келісімі негізінде айқындалады. Сондай-ақ, егер тапсырыс беруші партияның логотипін сайтымыздың басты бетінде жариялағысы келсе, оның құны 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені құрайды.
Атап кетерлігі, тапсырыс беруші жақ ұсынған материалдың ішінде осы сайлауға қатысып жатқан басқа партияны қаралаушы, өзге кандидаттардың ар-намысына тиюші, ел азаматтарын ҚР Заңдарына қарсы заңсыз әрекеттерге шақырушы деректер болса, онда оны жарияламауға құқылы.

САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
