Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БАЙ ТАРИХҚА ИЕ ОРДУ ҚАЛАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БАЙ ТАРИХҚА ИЕ ОРДУ ҚАЛАСЫ

БАЙ ТАРИХҚА ИЕ ОРДУ ҚАЛАСЫ

        Орталық Қаратеңіздің туристік қаласы Орду. Мұнда Қаратеңіздің ең ұзын жағалауы бар. 
        Орду қаласы – VIII ғасырда Котиора атауымен, Қара теңіздің жанында Милет колониясы ретінде құрылған. 1800 жылға дейін понти гректері мекен еткен кіші қала болады. 1877 жылы орыс-түрік соғысынан кейін қалаға Кавказдан және Грузиядан ауған босқын түріктер қоныстана бастайды. Қазіргі кезде қала тұрғындарын Кавказдан қоныс аударған этникалық түріктер, мұсылман армяндары (хемшил), мұсылман грузиндері (чвенебури), сонымен қатар этникалық гректердің ұрпақтары құрайды.
        Ордудың керемет панорамасы көрінетін жер — Бозтепе. Ол жерге көлікпен жетуге де, қанатты жолмен де баруға да болады. Бозтепе Алматының Көктөбесіне ұқсайды.
        Ал Гага көлінің табиғаты, ортасындағы шағын аралы және судың түбіндегі шіркеу қалдықтары бірден көзге түседі. Сонымен қатар, Түркияда бірінші болып ашылған Кахраман Сагра жаңғақ мұражайы жұмыс істейді. Жергілікті халықтың қолдауымен жаңғақ шаруашылығында пайдаланылған заттар біріктіріліп, тарихи үй жаңғақ мұражайы ретінде пайдаланыла бастады.
        Мұражайға келген қонақтарға жаңғақ отырғызудан өндіруге, жинаудан бастап өңдеуге және тасымалдауға дейінгі барысы түсіндіріліп, жаңғақтың қиын жолы материалдармен баяндалады. Келушілер бұл мұражайда әр кезеңді кезең-кезеңімен тамашалай алады.
Ақбота МҰСАБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...