Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮРКИЯДАҒЫ ФУНДУК МАУСЫМЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ТҮРКИЯДАҒЫ ФУНДУК МАУСЫМЫ

ТҮРКИЯДАҒЫ ФУНДУК МАУСЫМЫ

          Жергілікті халық бір ай жатпай-тұрмай фундук теріп, фабрикалар оны өңдеумен айналысады. Халық таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін фундук тереді. Алқапта демалатын төсеніштері мен ас-суы да бар. Оңай жұмыс емес, биіктен төменге қарай жүре отырып тергенде таза спорт.
         Түркияда жылына 700 тонна фундук өндірсе, Гиресун қаласы оның 60 тоннасын істейді. Ал Фискобірлік өндірістік зауыты сол 60 тоннаның 30 тоннасын өндіріп отыр.
         Бұл өндіріс зауыты Ататүріктік кезінде ұлысаралық фундук конгресінен кейін 1938 жылы құрылған. Содан бері үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан фабрика бүгінде қаншама фундук тәттілерін өндіріп келеді.
          Гиресун қаласындағы біз барған фундук алқабының аумағы 11 мың гектар. Сонымен бірге дәл осы қалада Жаңғақ ғылыми иниституты да бар. Бұл институт фундуктың түрлерін, оған түсетін зиянкестерді бәрін зерттеп, ғылыми айналымға енгізіп отырады. Фундук ғылыми-зерттеу институты Қара теңіз аймағындағы жаңғақ өндірісін жақсарту және оның мәселелеріне шешім табу мақсатында 1936 жылы Гиресун қаласында құрылған. Бұл институт еліміздегі орман жаңғағы бойынша зерттеу жүргізетін бірден-бір мекеме болғандықтан, оның қызмет саласы; Қара теңіз аймағындағы Гиресун, Орду, Трабзон, Ризе және Артвин провинциялары (ескі жаңғақ өндіру аймағы) және Самсун, Синоп, Кастамону, Дүзе, Зонгулдак, Сакария, Кожаели, Бартын, Токат Гүмүшхане және Болу (жаңа жаңғақ өндіру аймағы) бойынша фундук экономикалық өндірісін зерттеп отыр.
Ақбота МҰСАБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...