Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

           22 қазан күні Астанада «Ауыл» партиясы мен «Acapedia» білім беру платформасы ұйымдастырған Республикалық «ИННОВАЦИЯ. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ.» тақырыбындағы «АГРОХАКАТОН – 2025» ғылыми жобалар сайысында Семейлік арулар – “CAMPUS TEAM” командасы жүлделі «III орынды» иеленді. Команда құрамы: Альмухамбетова Назым Дулатовна – Шәкәрім университетінің 1-курс студенті, «ЭМ-2501» тобы, «Экономика және менеджмент» мамандығы, Аманбекова Нұрай Талантқызы – Шәкәрім университетінің 2-курс студенті, «БУФ-2401» тобы, «Бухгалтерлік есеп және қаржы» мамандығында білім алуда.
         «Ауыл» партиясы мен «Acapedia» білім беру платформасы бірлесіп елдің түкпір-түкпірінен келген талантты және бастамашыл жастарды басын қосып «Агрохакатон — 2025» өткізілді. Жалпы, іріктеу кезеңіне 200-ге жуық команда қатысты. Республикалық финалда 16 үздік команданың 56 қатысушысы жеңіс үшін өз жобаларын ұсынған болатын. Олар технология, экология және тұрақты даму тоғысындағы тың шешімдерін таныстырды.
          Жеңімпаздар: 1 орын – Ақмола облысы 500 000 теңге, 2 орын – Жетісу облысы 300 000 теңге, 3 орын – Абай облысы 200 000 теңге қаржылай сыйлық Сертификаттары табысталып, арнайы Дипломдармен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! Тек қана – алға! Бұл жеңіс – «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы үшін зор мақтаныш!
          Бұған дейін, облыстық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен студенттер, бүгінде, «Шәкәрім университетінде» сапалы білім алып, өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Жетекші ұстаздарына шын жүректен – Алғыс!
          «Агрохакатон – 2025» Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған, инновацияларды белсенді қолдануға, цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған бастамаларын іс жүзінде іске асыру контексінде өткізілді.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...