Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

          2025 жылдың 16 қазан күні Семей қаласындағы «Әлихан Бөкейхан университетінің» конференц залында «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының активіне арналған семинар өтті. Шара партияның 25 жылдығына орай ұйымдастырылып, саяси ұйым мүшелерінің білімін жетілдіру мен партиялық жұмысты жаңғыртуға бағытталды.
          Семинарға партия мүшелігіндегі азаматтар: облыс аудандары, қала, оқу орындарынан жиыны 70 адам қатысты. Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-ның өкілдері арнайы келіп қатысып, лауазымды тұлғалардан сұхбат алды.
        Семинарды өңірлік филиал төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ашып, партияның өңірдегі негізгі мақсат-міндеттері мен ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы жұмыстарды, ел президентінің ауылға қатысты жолдауы жайында айтып өтті.
         «Ауыл» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық-талдау департаментінің директоры Үсенов Қуаныш Жұманұлы партияның 25 жылдық тарихына арналған бейнефильмді таныстырып, ел дамуына қосқан үлесін сөз етіп өтті.
         Барлық қатысушы қауымға, аралық үзіліс уағында заманауи кофе-брейк дастарханы жайылып, сонымен бірге түскі ас ұсынылды.
         Семинар аясында партияның саяси және сайлауалды тұғырнамасы, цифрлық сауаттылықты арттыру, бизнес-инновация мен ораторлық шеберлік тақырыптарында мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Нақтылап айтқанда, Қуаныш Үсенов, Мақсадбек Абдужаббаров, Әділет Сүгірбай және Айжан Орынбасарлар өз тақырыптары негізінде баяндама оқып, жиылған көпшілікпен ашық дискуссия жүргізді.
          Іс-шарада, белсенді партия мүшелеріне төсбелгілермен мүшелік билеттер табыс етіліп, қатысушылар семинар жөнінде жағымды лебізге толы сауалнама толтырып, ортақ естелік фотосуретпен тәмамдалды.
        Аталған семинар – «Ауыл» партиясының өңірлердегі саяси мәдениетті нығайту, белсенді азаматтардың әлеуетін арттыру және ел болашағы үшін адал еңбек ететін жаңа буынды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...