Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        Мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі елдің дамуына тікелей ықпал етеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу процесін жетілдіру және ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында eqyzmet.gov.kz бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты.
        Оның ерекшеліктері:
         — Аталған портал арқылы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымдар бойынша бос жұмыс орындарын жариялау мүмкіндігі беріліп отыр. Үміткерлер әртүрлі сайттарды іздеп уақыт жоғалтпай, бос орындар мен конкурстарды бір терезе қағидаты бойынша көреді. Бұл – кандидаттарға да, мемлекеттік органдарға да қолайлы шешім.
          — Жүйе арқылы конкурсқа қатысу автоматтандырылған: құжаттарды онлайн тапсыру, тест нәтижелерін тіркеу, әңгімелесу уақытын белгілеу – осының барлығы цифрлық форматта жүзеге асады. Бұл адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
          — Әділдік пен ашықтық қамтамасыз етілген. Платформа арқылы кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі. Әңгімелесу кезеңі бейнежазба арқылы тіркеледі, бұл шағымдану және апелляциялық процестерде айқындықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әңгімелесу нәтижелері мен ұпайлары ашық көрсетіледі.
        — eQyzmet.gov.kz порталына тіркелген әрбір кандидаттың жеке кабинеті бар. Онда білім, еңбек өтілі, тестілеу нәтижелері мен қатысқан конкурстары сақталады. Бұл деректер болашақта басқа лауазымдарға үміткерлікке өтініш бергенде қайтадан құжат жинап, қайта тапсыру қажеттілігін азайтады.
       Бүгінде, барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу бойынша конкурстық іріктеуді аталған жүйе арқылы жүзеге асыруда.
       Айта кету қажет, eQyzmet.gov.kz жүйесі – тек қана техникалық шешім емес, бұл мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыратын, кәсіби кадрларды тартуға бағытталған стратегиялық құрал. Бұл жүйе арқылы меритократия қағидаты күшейіп, лайықты мамандардың алға шығуына жол ашылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа цифрлық жүйесі – заман талабына сай жасалған қадам. Себебі, eQyzmet.gov.kz порталы арқылы үміткерлерге әділ, ашық және қолжетімді мүмкіндік беріліп отыр. Бұл – еліміздің кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыруға бағытталған сенімді әрі маңызды құрал болып табылады. Сондықтан, еліміздің  білімді, білікті, адал және белсенді азаматтарын аталған жаңашыл жүйені пайдалана отырып, мемлекеттік қызметке келуге шақырамыз.  Ал, мемлекеттік қызмет – бұл тек мамандық емес, бұл елге қызмет ету миссиясы.
        Осы орайда, eQyzmet.gov.kz тектес заманауи жүйелер арқылы әрбір адам өз әлеуетін жүзеге асырып, әділ бәсекеге, шынайы мүмкіндікке ие бола алады.
Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

       Мақтаарал ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        ...

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамгершілікке ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

        ...

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

     Жуырда «IT ...

ТӘУЕКЕЛДІҢ ДЕ ӨЗ ОРНЫ БАР…

        ...

ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

            Жетісай ауданының білім ...

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

        ...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚ ҮШІН СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

        ...