Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

         2025 жылғы 14 қазан күні Абай облысында инновация мен тұрақты даму идеяларын біріктірген «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» тақырыбында Хакатон жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды.
      Хакатонның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы, экология, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында жаңа шешімдер ұсыну, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және өңірдің инновациялық дамуына тың серпін беру.
        Өңірлік филиал төрағасы СмағұловҚайрат  Қанатұлы  ашылу салтанатында сөйлеп, жастардың белсенділігі мен жаңа көзқарасының ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті: “Бұл хакатон – ауыл мен технологияның тоғысқан арнасы. Мұнда тың идеялар мен жаңашыл ойлар тоғысып, болашаққа бағытталған нақты шешімдер пайда болмақ. Болашақ – жаңа идея ұсынған жастардың қолында.” – деді ол.
        Іс-шара, Семей қаласындағы «ЖасStar» коворкинг орталығында өтті. Оған Абай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген 11 команда өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Жастар ауыл шаруашылығын дамыту, экологиялық тұрақтылықты арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және жасанды интеллектті қолдану бағыттарында шығармашылық өз  жобаларын қорғады. Хакатон қатысушыларының жобаларын өңірдің беделді сарапшылары мен мамандары бағалады. Нақтылы айтсақ:
      Роллан Ибраев – белгілі кәсіпкер, Қазылар алқасының төрағасы;
      Елдос Мұхаметов – Философия докторы (PhD), «Шәкәрім университетінің» Аға   оқытушысы;
         Данияр Бакиров – «Абай облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы»  басшысының орынбасары;
        Әділет Сүгірбай – «Конструкторлық бюро» Жетекшісі, Science Professor, PhD.
        Бағалау критерийлері – жобаның өзектілігі, инновациялық шешімі, тиімділігі және іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан кеңінен қарастырылып, сарабдал сараланып, жан-жақты ой елегіген өткізілді.
          Хакатон барысында түрлі бағыттағы тың жобалар ұсынылған болатын. Олардың қатарында экологиялық өнім өндіру, ауыл шаруашылығындағы автоматтандыру, заманауи білім беру, әлеуметтік психологиялық қолдау және цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған бастамалар.  Мәселен, «Орман шайы – табиғи антиоксидант көзі» жобасы жергілікті өсімдіктерден экологиялық таза фитошай өндіруді көздесе, «SafeGoat»  жобасы радиациялық аймақтардағы сүт өнімдерінің сапасын бақылайтын жүйе  ұсынды.
          «QamqorAI» жобасы жасанды интеллект арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталса, «ReStep» жобасы өндірістік қалдықтардан экологиялық тәбішке  шығару идеясын ұсынып бақты. Сонымен қатар, «AquaGreen», «YES», «QazProg», «MindCare»,         «Гидропоника және Биотехнология» – жаңа мүмкіндіктер,«Aliya – AI ментор»яғни«ALGA» командасы және басқа да жобалар ауыл мен ғылымды, технология мен тұрақтылықты байланыстырудың жаңа үлгілері негізінде қорғады.
        Хакатон интеллектуалдық сайысы нәтижесіндеқазылар алқасы  шешімімен «Үздік» деп танылған жобалар анықталды. Олар:
       I орын – “Campus Team” – Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық таза жем түрін ұсынған инновациялық жоба;
       II орын – “MindCare” – психикалық денсаулықты қолдауға арналған онлайн-платформа;
       III орын – “ALGA” – студенттерге арналған “Aliya – AI ментор” деп аталатын жасанды интеллект жобасы.
       “Campus Team” командасы өз жобасымен ерекше көзге түсіп, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама иеленді.
         Марапаттау рәсімінде,барлық қатысушыларғаСертификаттар, ал жеңімпаздарға арнайы Дипломдар табысталды.
         Шара соңында, қатысушылар мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсіп, жаңа идеялар мен бірлескен жобалар төңірегінде пікір алмасты. Қатысушылардың айтуынша, Хакатон – тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік берген іс-шара санатында қазіргі заманға сай  жаңашыл бастамалар ордасы.
          «Хакатон – бұл жай ғана жарыс емес, ол жастардың өз әлеуетін танытатын, ауыл мен болашақ арасындағы алтын көпір. Мұндай бастамалар өңірдің дамуына нақты серпін береді» – деді қазылар алқасының төрағасы Роллан Ибраев.
         «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ»Хакатоны – Абай облысы жастарының жаңа буын өкілдерін біріктіріп, ауыл мен инновацияны ұштастырған маңызды бастама есебінен саналады.Бұл жоба  өңірдің ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған нақты шешімдер ұсынуға мүмкіндік бермек.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖАРМА АУДАНЫНДА «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ ЕҢБЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

        ...

Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді

        ...

«АУЫЛ – ӘР ЖҮРЕКТЕ!» — АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҒЫЛЫМИ, ЖАСТАР ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

ШЕБЕРДІ ШЕБЕР ДЕГЕНШЕ…

       Қазақ ...

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

       Құрметті ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН!

        ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

        ...

АҚЫН САПАРҒАЛИ БЕГАЛИНГЕ АРНАЛҒАН «МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ ОҚУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

        ...

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

         ...