Home » Әлемде » ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК БӨЛІМ
"Хирургия" бөлімі

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК БӨЛІМ

«Аурухана» сөзін естіген көптеген адамның бірінші кезекте көз алдына ота жасап жатқан хирургтер мен оларға көмектесіп отырған мейіргерлерді елестетіні анық.  Себебі,  кез-келген аурухана үшін хирургтердің  алар орны ерекше.  Бүгінде  Жетісай аудандық  Асықата ауруханасының  «Хирургия» бөлімі де, осы емдеу мекемесінің мақтанышы болып табылады.«Хирургия» бөлімінің бір топ қызметкері
2020 жыл еліміз үшін оңай кезең болмады, бүкіләлемдік пандемия ел тұрғындарын біраз әбігерге салды.  Сол кезде медициналық қызметкерлер сол дерттің салдарын жою мақсатында бар күштерін салып, алдыңғы шепте жүрді. Жетісай аудандық Асықата ауруханасы каранттиндік госпиталға яғни, науқастарды емдеу орталығына айналдырылды.
Сондағы  қиын-қыстау кезеңде «Хирургия» бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне үлгі-өнеге көрсете білді. Бұған таңданудың еш қажеті де жоқ. Себебі, бұл бөлімді еліміздің медицинасында жақсы танымал білікті хирург-маман – Ескендір Арынбаев басқарса, бөлім хирургтері, өз ісінің шеберлері  – Бақытжан Омаров пен Әділ Бакеевті Мырзашөл өңірінің тұрғындары жақсы таниды. Бөлімнің тәжірибелі, өз ісінің ысылған шебер мейіргерлері –Гульсара Тажибаева (еңбек өтілі 32 жыл), Манат Утебекова (еңбек өтілі 30 жылдан астам), Гулмира Жунисова, Гулжауһар Бекботаева (еңбек өтілі 30 жылға жуық), Салтанат Зулпыхарова, Айгүл Оразханова, Клара Муратова (еңбек өтілі 30 жылдан астам), Мадина Өмірбековаға аға мейіргер Нағима Ильясова (еңбек өтілі 34 жылға жуық) басшылық жасайды. Ал, шаруашылық бөлімді еңбек өтілі 30 жылдан асқан Забира Султанова басқарса, тазалықшылар – Турсынай Құранбаева, Күнсая Момынова, Гүлнар Жылқыбаева, Айнұр Жақсылықова мен Айгүл Нышанбаевалар өз істерінің кәсіби мамандары саналады.
Аурухананың мақтаныш тұтар хирургтары.

Мейіргерлер мен тазалықшылар

Бөлім мақтанышы мейіргер Клара Муратова «Танып-байлау бөлмесін» дайындауда

«Қолы жеңіл мейіргер» Гүлжауһар Бекботаева науқасқа екпе жасауда.

Тазалықшы Күнсая Момынова жас әріптестері үшін үлгі тұтар маман саналады.

Тазалықшы Айгүл Нышанбаева «Демалыс орнын» ретке келтіруде

Осындай білікті әрі тәжірибелі мамандар  жұмыс істейтін бөлім 2020 жылды қорытындылағанда аурухана бойынша І-орын алып, қомақты сомамен марапатталды.
 «Хирургия» бөлімінің  қызметкерлерін бұл жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта олардың бұдан да биік табыстарға жете беруіне тілектестік білдіреміз.
«Сайыпқыран.кз» порталының ұжымы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...