Home » Билік » АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс бірінші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутат А.Жолдасов жүргізген сессияға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
  Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихатының хатшысын сайлау, аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау, аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясын тіркеу, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау мәселелері қаралды.  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша депутат Б.Жұманов аудандық мәслихат хатшысына тәжірбиелі бес шақырылымның депутаты, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат хатшысы болған депутат Қадыр Тұранұлы Сарсекбаевтың кандидатурасын ұсынды және ұсыныс депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданып, қолдау тапты. Осылайша Қ.Сәрсекбаев Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы болды.Екінші мәселесі бойынша сөз алған депутат Б.Шампиев тұрақты комиссияның құру мен төрағалығына депутаттар Б.Жұманов, Б.Әбілов, Ж.Аязханов, Б.Шампиевтердің кандидатураларын ұсынды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайтындығын айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша сөз алған депутат Б.Әбілов Мақтаарал аудандық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясын тіркеу және оның жетекшілігіне депутат М.Ажикабыловтың кандидатурасын ұсынып, фракция мүшесіне төмендегі депутаттар ұсынылды:
Абилов Бауыржан Умбеталиевич, депутат;
Ажикабилов Мухтар Дуйсебаевич, депутат;
Ауезов Асылбек Басымбекович, депутат;
Аязханов Жұмағали, депутат;
Ахментаева Айгуль Жасузаковна, депутат;
Адамбеков Тимур Ахметович, депутат;
Жолдасов Алданияз Бастарович, депутат;
Жуманов Бахытжан Айтуганович, депутат;
Кенжебаев Суннат Кахраманович, депутат;
Куракбаев Жасыбай Булатович, депутат;
Оракбаева Гульмира Ортаевна, депутат;
Сарсекбаев Кадир Туранович, депутат;
Тұрғаутова Динара Пернебекқызы, депутат;
Шампиев Берик Есполович, депутат;
Сонымен қатар, «Ауыл» және «Ақжол» партияларынан сайланған депутаттар:
Сеңгірбаев Бауыржан Сеңгірбайұлы, депутат;
Исаева Газиза Кадыржанова, депутат;
Есенгараев Меиржан Усенович, депутат;
Шойынбайұлы Тұрлыбек, депутат;
Сөзге шыққан аудандық мәслихат аппаратының басшысы Е.Салиев депутаттарға мәслихаттың құзыреті мен депутаттың міндеттері туралы кеңінен баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сарсекбаев аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағалығына Б.Әбіловтың кандидатурасын ұсынды.
Жиын соңында қорытынды сөз алған аудан әкімі Б.Асанов депутаттарды мандатқа ие болуыларымен құттықтады.
 Айта кетейік, Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс бірінші сессиясында қойылған барлық мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...