Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

         Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілуі, әлеуметтік қолдау шаралары және алдағы міндеттер Мақтаарал ауданы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде кеңінен талқыланды.
          Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен жиынға әкім орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдер мен аумақтық мекемелердің басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
        Мәжілісте алдымен «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіндегі деректерді өзектендіру мәселесі қаралды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаевтың айтуынша, бүгінде ауданда 28 934 отбасы, 124 110 адам тіркелген. А және В санаттарындағы өзектендіруге жататын 4 320 отбасы бойынша тексеру жұмыстары толық аяқталған. Зерделеу барысында 652 отбасының нақты әлеуметтік жағдайы жүйедегі мәліметтермен сәйкес келмейтіні анықталған.
       Сонымен қатар жыл басынан бері Д және Е санаттарына жататын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар саны 580-ге азайып, 8 591 отбасын құраған. Аудан әкімі әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда деректердің нақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етіп, жұмысты ашық әрі әділ жүргізуді тапсырды.
       Күн тәртібіндегі келесі мәселе – мемлекеттік бюджет қаражатының игерілуі және ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Абенов 2026 жылдың сегіз айындағы нақты және үшінші тоқсанның болжамды қорытындылары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
        Баяндамаға сәйкес, сегіз айда ауыл шаруашылығында 40,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар артығымен орындалған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,8 млрд теңгеге жетіп, жоспарланған 22,5 млрд теңгеден асқан. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі екінші тоқсанда 35,5 млрд теңгені құраған.
       Жиында бұдан бөлек күзгі әскерге шақыру науқаны, табиғи газ желісіне жаңадан қосылған елді мекендердегі тұрғын үйлерді газға қосу және күзгі ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары пысықталды. Әскерге шақыру мәселесі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Рысбек Нұрдәулет баяндама жасады.
        Табиғи газға қосу жұмыстары Достық, Ж.Нұрлыбаев, Жаңажол және Еңбекші ауылдық округтеріндегі елді мекендер бойынша қаралып, тұрғын үйлерді газ желісіне қосу барысы сараланды.
        Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        ...

«СУДЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ АЛДЫҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

        ...