Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

         ХХ ғасырдың басы қазақ халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірінде аса маңызды кезең болды. Бұл дәуірде ұлттық сананың оянуы күшейіп, білім, ғылым, баспасөз, тіл және ел болашағы мәселелері кеңінен талқыланды. Осы кезеңдегі әдебиетте халықтың әлеуметтік жағдайы, елдің тәуелсіздігі, жер мәселесі, оқу-ағарту, ұлттық тіл мен мәдениетті сақтау тақырыптары ерекше орын алды.
         Қазақ әдебиеті біртіндеп жеке адамның көңіл күйін суреттеумен ғана шектелмей, қоғамның өзекті мәселелерін көтеретін қуатты рухани күшке айналды. Ақын-жазушылар шығармалары арқылы халықты білімге, өнерге, мәдениетке және елдік санаға үндеді.
           Атап кетерлігі қазақ әдебиетінің тарихында Алаш кезеңінің орны айрықша. Алаш қайраткерлері әдебиетті ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды құралы ретінде қарастырды.
        Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы сынды тұлғалар қазақтың қоғамдық ойы мен әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты.
           Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалыптастырып, ұлттық жазу мен оқу-ағарту ісіне зор еңбек сіңірді. Оның әдебиет теориясына арналған еңбектері қазақ әдебиеттануының дамуына негіз болды. Ақынның «Маса» жинағындағы шығармалар халықты оянуға, білім алуға, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырса, Міржақып Дулатұлының шығармашылығында елдің тағдыры, халықтың әлеуметтік жағдайы және ұлттық еркіндік мәселелері көрініс тапты. Оның «Оян, қазақ!» еңбегі сол дәуірдегі ұлттық ойдың маңызды шығармаларының біріне айналды. Ал, Мағжан Жұмабаев поэзияға сыршылдық пен терең сезім әкелді. Оның шығармаларында туған жер, ел, еркіндік, махаббат және жастар тақырыбы ерекше көрінеді. Ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың ел болашағындағы орнын айқындайтын рухты шығарма ретінде бағаланады.  Жүсіпбек Аймауытұлы болса қазақ прозасы мен драматургиясының дамуына елеулі үлес қосты. Оның шығармаларында адам психологиясы, әлеуметтік орта, тәрбие және ұлттық болмыс мәселелері терең суреттелді.
        Егерде біз Абайдан Алашқа дейінгі әдеби даму жолына қарасақ, әр дәуірдегі қаламгерлердің көтерген мәселелері әртүрлі болғанымен, олардың шығармашылығында ортақ өзек бар екенін байқаймыз. Ол – адам мен қоғам, білім мен ғылым, ел мен жер, ұлттық сана мен рухани құндылық мәселелері. Абай халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке үндесе, Алаш зиялылары осы идеяларды ұлттық жаңғыру, елдік сана және қоғамдық өзгерістер мәселелерімен сабақтастырды. Бұл әдеби сабақтастық қазақтың көркем ойының біртіндеп дамып, қоғамдық мазмұнының тереңдей түскенін көрсетеді. Әдебиет халықтың белгілі бір кезеңдегі көңіл күйін ғана емес, оның болашаққа деген көзқарасын да қалыптастыра алады.      Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиеті білімнің маңызын ұқтырса, Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары оқу мен ізденістің қажеттігін көрсетеді. Мағжанның жастарға артқан сенімі жас ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік береді.
       Қазақ әдебиетін оқу – өткен дәуірлердегі шығармаларды жаттап алу ғана емес. Әдеби шығарма арқылы оқушы адам мінезін, өмір құндылықтарын, тарихи оқиғаларды және ұлттық дүниетанымды түсінуге үйренеді.  Сондықтан қазақ әдебиеті пәні оқушының тек әдеби білімін қалыптастырып қана қоймай, оның ойлау қабілетін, сөз мәдениетін, тарихи танымын және ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын дамытуға ықпал етеді. Ол – өткеннің естелігі ғана емес, бүгінгі ұрпаққа ой салатын, болашаққа бағыт беретін рухани мұра. Сол себепті де, ұлттық әдебиетті оқу, түсіну және кейінгі ұрпаққа жеткізу – әр буынның маңызды міндеттерінің бірі.
Лаханова Алмагул Куралбаевна,
Ғ.Мұратбаев атындағы №61ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог зерттеуші.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖОЛ ЖАҢАРСА – ЖОЛЫМЫЗ АШЫЛАДЫ

       М-39 ...

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...