Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

        2025 жылдың 6 ақпанында «Семей қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапхана қызметкерлері мен «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясының» «Ақ қауырсын» үйірмесінің жас ақын шәкірттерінің қатысуымен «Абай облысы Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ мүшелеріне арналған ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали жыры – ұрпақ үні» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
         Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ даласын құнарлы жырымен сусындатқан, қазақ поэзиясының дарабозы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның туған елін жырға қосқан, әр қазақтың жүрегіне ой салған қайталанбас дарын иесі екенін әдеби өрнекті тілмен баяндады. Сонымен қатар ақынның өмір жолынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді.
         Әдеби кеш жергілікті өнерпаз әнші Букашева Эльмира Серғазықызының ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындауымен жалғасты. Бұдан кейін «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясының» «Ақ қауырсын» үйірмесінің жас ақын шәкірттері ақынға арнаған авторлық өлеңдерін оқыды.
         Шара соңында ақынның жарық көрген кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларына шолу жасалды.
           Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етілді. Соның ішінде «Ақ қауырсын» үйірмесінің шәкірттері — Жасарбек Расул, Идрисова Інжу, Мақсатбек Медина, Жұмағазы Әдемі, Мамеева Айлин арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
             Осындай әдеби кешке дарынды шәкірттерді дайындап, қатыстырғаны үшін «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлына шынайы алғыс білдіріліп, естелік сый ретінде өлеңдер жинағы табысталды.
Асқар БЕКТҰРҒАН,
журналист.
Семей қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...