Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАУ

АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАУ

       Мақтаарал ауданында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай тағылымы мол рухани шара өтті.
       Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен өлмес мұрасын дәріптеуге арналған жиын Достық ауылдық округіне қарасты Ж.Қалшораев ауылындағы Абай ескерткіші алдында ұйымдастырылды. Тағылымды шараға ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
        Абайды ұлықтау – ұлттың рухани тамырына тағзым ету. Өйткені ұлы ойшылдың әрбір сөзі мен өлеңінен халқына деген жанашырлық, ел болашағына деген алаңдаушылық, білім мен ғылымға деген ұмтылыс анық аңғарылады. Сондықтан ақын мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау – тағылымды дәстүрдің жалғасы.
        Рухани шара барысында алдымен көпшілік ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Абай рухына тағзым етті.
         Жиында сөз алған Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов Абай мұрасының қазақ халқының рухани өміріндегі айрықша орнына тоқталды.
       «Абай шығармашылығы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын жаңа биікке көтерген асыл мұра. Ұлы ақын өз дәуірінің ғана емес, бүгінгі қоғамның да өзекті мәселелерін терең қозғап, елді білім мен ғылымға, адал еңбекке, бірлік пен ізгілікке үндеді. Оның әрбір өлеңі мен қара сөзінен адам болмысына, елдің келешегіне, ұлттың тағдырына қатысты терең ойларды аңғаруға болады», – деді Серік Тұрсынқұлов.
        Тағылымды жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров та сөз алып, Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Ардагер ақын мұрасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, Абай шығармаларын оқу арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастырудың мәніне назар аударды.
        «Адам болам десеңіз…» деп ұрпағын үнемі ізгілікке шақырған Абайдың тағылымы араға ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жойған жоқ. Оның қара сөздері мен өлеңдеріндегі терең ойлар бүгінгі жас буынға да бағыт-бағдар берері сөзсіз.
        Шара барысында мектеп оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері және философиялық ой-толғамдары жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Жас өрендердің ақын өлеңдерін жатқа оқып, оның тағылымды ойларын жүрекпен жеткізуі рухани кештің мазмұнын аша түсті.
         Кештің көркемдік бөлігін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жалғастырды. Өнерпаздар Абайдың сырлы әндерін орындап, жиналған көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» сынды әуезді әндер арқылы ұлы ақынның мол мұрасының әдебиетпен ғана шектелмей, қазақтың музыкалық мәдениетінде де айрықша із қалдырғаны тағы бір мәрте көрініс тапты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...