Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

         Әрбір азамат өмір сүру барысында түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі дер кезінде көрсету мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
         Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту мәселесі Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым айрықша маңызға ие. Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 400-ге жуығы жергілікті (облыстық) деңгейде жүзеге асырылып отыр. Осы орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру функцияларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері жүйелі түрде атқарады.
        Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты түрде бақылау мен жоспарлы тексерулер жүргізіп келеді. Тексеру жұмыстары барысында заңнама талаптарының сақталуы қатаң назарға алынып, әкімшілік кедергілерді жою шаралары қабылданады. Атап өту қажет, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі. Аталған Қағиданың 3-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілуі тиіс. Сонымен қатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған талаптарды сақтауына салыстырып тексеру жүргізеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісінің есебін қамтамасыз етеді.
        Жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту деректері орын алған. Мәселен, қызмет алушылар тарапынан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» үшін тиісті өтініштер жолданған. Алайда, жауапты Бөлім тарапынан 2025 жылғы 6 наурызда аталған өтініштерге «ақпараттық жүйе қалыпты жұмыс істемеуіне байланысты бас тартылады» деген негізсіз уәжбен бас тарту жауаптары берілген. Тексеру барысында қызмет алушылар Қағидада көзделген қажетті құжаттар топтамасын толық көлемде ұсынғаны анықталды. Осы сияқты жүйелі сипат алған мәндес бұзушылықтар «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша 44 өтінішті қарау барысында жіберілгені белгілі болды.
        Нәтижесінде, Департаменттің ықпалының арқасында осы 44 қызмет алушының бұзылған конституциялық және заңды құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
        Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әкімшілік кедергілерді жою және заңдылық қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету бұдан былай да Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдардың қызметінде заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        ...

«СУДЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ АЛДЫҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

        ...