Home » Қоғам » Рухыннан айналайын қазағым!

Рухыннан айналайын қазағым!

Тарихты білетін әр азаматқа мәлім қазақ атқа қонғанда патша құлап, әлемге әйгілі 86-ның көтерілісінде Одақты таратқан қазағым қайта атқа қоныпты-ау. Жұмыстан келе жатып қазақ ерлерінің көк туды желбірете челлендж жасап келе жатқанының куәсі болдым.Өзім көлікпен келе жатсам да көк тудың желбірегені рухымды көтерді. Жүрегіме бір мақтаныш ұялады. Ат үстінде ойнақтаған әр қазақты құшағыма алып «айналайын, қазағым!» дегім келді. Қатарласа жүріп қара санын көбейттім де. Бірақ, нәзікжанды болғасын ерлеріміздің аяғыңа оралғы болмай қимастықпен өте бердім.
Жарайсың қазағым! Кейбіреулер қашанғы әдетіне салып күндеп жатыр. Оны да оқып отырмын. Құдайым-ау, тырнақ астынан кір іздегенше, елім, жерім деп атқа қонған азаматтарымызға жылы лебізбен болсын демеу болайықшы! Қай кезде де ерін, азаматын құрметтеген қазақ әйелі өз парасаттылығымен ерекшеленген емес пе?
Бұл челлендждің хан Абылайдың тұлпарының тұяғы тиген Бурабай ауданына қарасты Абылай-хан ауылынан басталғанын біреу біліп біреу білмес. Иә, бұл дегеніңіз ұлы Абылайханның рухының дүр сілкінгені болса керек. Әркез жауға аттандап, аруақтап шапқан қазағымның атойлаған үні талай жауды тысқыра қуып, жеріміз бен елімізді қорғап қалған да осы өз азаматтарымыз емес пе? Москваны жауға бермей, «шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деп атайлоған кім еді? Жеңіс туын желбірете тіккен кім? Алысқа бармай-ақ, 86 жылғы желтоқсанда қып-қызыл қанға боялған кімдер еді? Соны еске алайықшы!
Осыншама ерліктің жемісін неге жемеске?!
Ағаділ Дулаттай арыстарымызды құрбандыққа шалып, Бораттай бассыздарды басындырып қалайша бұғып қала береміз? Осы челленджді жалғастырып, өзге ұлттарға өз жерімізде, өз елімізде жүрген қазақ екенімізді танытпасақ кешегі әр қазақтың тағдырыңа жүрегі қайыса қиналған Бейсен Құранбектің аруағынан ұят болар.
Иә, мен ешкімді үгіттемеймін. Бірақ, бойымда қасықтай ғана қаным барда, қазағым деп соққан жүрегім барда қазақ азаматтарына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын дем бергім келді. Нәзікжандылар қашанда Сіздермен бірге екенін жеткізгім келді.
Бұл жай челлендж емес, бұл қазақ азаматтарының намысының айғағы. Біз қазақтар бармыз, қажет болса атқа қонамыз деген ұран…
Әрине, елім аман, жұртым тыныш болсын! Бәрі де бейбіт жолмен аяқталарына, білімді де білікті азаматтарымыз ел тағдырын оңтайлы шешеріне сенімдімін.
Мен қазақ азаматтарымен мақтанамын! Қазағымның ұрпағын тәрбиелеп, қазақ жігітінің кірін жуып, қазақтың бір шаңырағын ұйытып отырғаныма мақтанамын!
Қасиетіңнен айналайын, қазағым!
Гүлмира Мұратжанқызы,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...