Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
40 мың теңге үшін ... 1 жарым миллион штраф - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 40 мың теңге үшін … 1 жарым миллион штраф

40 мың теңге үшін … 1 жарым миллион штраф

           Әкесі қайтыс болғанда әріптестері батаға жинаған 40 мың теңге үшін сот 1 жарым миллион штраф салып, жұмыстан босатқан! Мынандай масқараны естіп пе едіңіздер?
          Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында орналасқан №2 сот қайтыс болған адамға жиналған ақша үшін 1 жарым миллион айыппұл салған.
         Аудандық білім бөлімінде тәрбие жөніндегі бас маман болып жұмыс істейтін Қожмамбетова З-ның әкесі Қожмамбетов А.М 2023 жылдың 26 қарашасында ауыр науқастан (рактан) қайтыс болады.
          Зариманың әріптестері, аудандық тәрбие мамандары қазақтың жөн жоралғысымен қайтыс болған адамның үйіне келіп, көңіл айтумен қатар «аз да болса көмек болсын»- деп, 3000-5000 теңге арасында қаражаттарды Зариманың каспи голд картасына аударады.
          Ең қызығы, бата жасамаған бір топ мұғалім Антикорға арызданған.
       Арызды тексерген Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентіктегі қызметкер Абенов Бекболат осы істі сегіз ай тергеп, қылмыс құрамы жоқ (дәлелденбегендіктен) деп, құқық бұзушылықтың бар жоғын анықтау үшін сотқа жібереді. Қызығы, арызданған адамдардың ешқайсысынан З-ның банк картасына ақша түспеген.
          Сот 22. 07.2024 жылы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы №2 сотында, судья Султанова Айнур Пердекожаевнаның басшылығымен, білім бөлімінің сенімді өкілі Дюсембаева Галия Муратбекқызы (өмірі білім бөлімінде жұмыс істемеген мүлде танымайтын тұлға) А. Байтұрсынов мектебінің тәрбие маманы Құмарбекова Сәулемен бірге Қожмамбетованың қатысуымен онлаин сот өтеді. Сот бір жақты шешім қабылдап, қылмыс құрамы дәлелденбеген, тәрбие маманы Зариманың ақша сұраған, немесе бопсалаған бір ауыз сөз немесе жазбасы жоқтығына қарамастан Заримаға 1 млн 550 мың 640 теңге штраф салады.
         Арызданған адамдар ешқайда жұмыс істемек түгілі, кім екені белгісіз, тіркеуде жоқ кісілер болып шыққан. Сотқа куәгерлікке келген 20 тәрбие жөніндегі орынбасарды судья сотқа қатыстырмай қойған!
       Жалғасы бар…
Оңғар ҚАБДЕН. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...