Абай облысында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара “Мейірім құшағы” жобасы аясында өткізілді. Іс-шараны «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мен “Ақ ұлпа аналар” Қоғамдық Біірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Шара мақсаты – әлеуметтік сала мамандарының еңбегін бағалау, қоғамдағы адамгершілік пен мейірімділік сынды құндылықтарды кеңінен дәріптеу және ізгі істерді насихаттау.



