Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

        2025 жылғы 21 ақпан.  Семей қаласындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектепте қазақтың философ — ақыны, ғұлама ойшыл Мәшһүр — Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республикалық «Мәшһүр — Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
        Аталған байқауды Абай облысы білім басқармасының «Семей қалалық білім бөлімі» ұйымдастырды.
        Байқауға қала мектептерінен 8 — 11 сынып аралығындағы 45 оқушы қатысты. Жарыс аясында қатысушылар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасын зерттеп, өздерінің әдеби, зерттеушілік және шешендік қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды.
         Байқау бес бағыт бойынша өтті:
        1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жас ақындар мүшәйрасы. Қатысушылар өз шығармаларын көпшілікке ұсынып, ақынның стилін жалғастыруға талпынды.
        2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау. Бұл бөлімде оқушылар ақын шығармашылығына ғылыми талдау жасап, оның философиялық және тарихи маңызын ашуға тырысты.
        3. «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – қатысушылар эссе жазу арқылы өз ойларын жүйелеп, көркемдік шеберліктерін танытты.
        4. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы: Хандар мен батырлар» – бұл бағытта ақын шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі мен олардың ерлік жолдары зерттелді.
        5. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы: Би-шешендер, жырау-ақындар» – қазақ шешендік өнерінің көріністері мен ұлттық мұраның сақталуы талданды.
        Байқау барысында оқушылар өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, Мәшһүр Жүсіп мұрасының бүгінгі күндегі өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
          Қазылар алқасы үздік деп танылған қатысушыларды марапаттап, жеңімпаздарға алдағы облыстық кезеңге қатысуға жолдама берді.
         Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл байқау оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістеріне серпін беріп, ұлттық мұраны тану мен насихаттау жолында маңызды қадам болды.
Ерік Қайратбекұлы Омарғалиев,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Семей қаласы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...