Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Бородлиха ауданында мерекелік ақпараттық сағат өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Бородлиха ауданында мерекелік ақпараттық сағат өтті

Бородлиха ауданында мерекелік ақпараттық сағат өтті

        Абай облысы, Бородлиха аудандық «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – «25 қазан Республика күніне» орай «Республика – ел тірегі!» атты мазмұнды ақпараттық сағат ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – егемендік пен тәуелсіздіктің бастауы болған тарихи күннің мәнін ұғындыру, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен елжандылық сезімін қалыптастыру болды.
          Іс-шараға, орталық ұстаздары, аудан тұрғындары, тіл үйренушілер қатысып, мерекенің маңыздылығына арналған мазмұнды бағдарламаны тамашалады. Шараны «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы құттықтау сөзімен ашып, «Республика күнінің» тарихи және рухани маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде елдің тұтастығы мен бірлігін сақтау – әр азаматтың парызы екенін тілге тиек етіп, бұл күннің ел үшін маңыздылығын айтты.
          Ақпараттық сағат барысында, қатысушылар Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихына арналған викториналық сұрақтарға белсене қатысып, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның даму жолын бейнелейтін тақырыптық бейнематериалдар көрсетілді. Әр қатысушы Отанның жетістіктерін тағы бір мәрте еске алып, еліміздің бүгінгі тынысы мен болашағына деген сенімін нығайтты.
          Мерекелік іс-шара, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл күй аясында өткізілді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ел ертеңіне деген үміт пен сенімнің басты тірегі – бірлік пен бейбіт өмір екенін атап өтті.
       «Республика күні» – елдік пен еркіндіктің нышаны, мемлекет тұтастығының бастауы.
Осы орайда, «Бородлиха аудандық Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» барша Қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтайды!
       Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігі мәңгі болсын!
Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...