Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

        Бүгінгі жаһандану дәуірінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны жас ұрпақтың бойына терең сіңіру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Бородулиха аудандық тіл орталығы «Қазақ тілінің болашағы – жастардың қолында» атты тақырыпта мазмұнды дебат ұйымдастырды.
       Іс-шараға, аудан мектептерінің белсенді оқушылары мен ұстаздары қатысып, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен болашағы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Дебат барысында қатысушылар топтарға бөлініп, мемлекеттік тілдің даму бағыттары, оның қолданылу аясы, жастардың тілге деген көзқарасы секілді өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
       Жастар қазақ тілінің ғылым мен технология, бизнес және халықаралық кеңістікте қолданылу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, тілдің тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттық бірегейліктің, рухани тұтастықтың басты белгісі екендігіне ерекше тоқталды.
       Пікірталас барысында, оқушылар өзара сұрақтар қойып, нақты дәлелдермен ойларын қорғады. Дебат атмосферасы қызу әрі мазмұнды өтті. Қатысушылардың белсенділігі, ой ұшқырлығы мен тіл мәдениеті шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетті.
      Дебат соңында, үздік спикер анықталып, арнайы марапатқа ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін, шешендік өнерін және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
       «Бородулиха аудандық тіл орталығының» мамандары алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі мәдени-ағартушылық және шығармашылық шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлауда.
        Қазақ тілі – ұлттың жаны, рухтың өзегі.
Осы рухани мұраны сақтап, дамытудың кілті – білімді, ұлтжанды жас буынның қолында.
Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха аудандық  «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...