Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ РУХАНИ НЕГІЗІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ РУХАНИ НЕГІЗІ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ РУХАНИ НЕГІЗІ

         Қазақ руханияты мен тіл білімінің тарихында Ахмет Байтұрсынұлының есімі алтын әріппен жазылған. Ол – ұлт ұстазы, тілдің тұғырын бекіткен ғалым, қазақ жазуы мен әдеби тілінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Осы ұлы ағартушының мұрасын насихаттау, оның еңбектерін жастардың санасына сіңіру мақсатында Бородулиха аудандық тіл орталығында «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілінің рухани негізі» тақырыбында Quiz форматында танымдық сайыс өткізілді.
       
          Іс-шараға, орталықтың тыңдаушылары белсене қатысып, өз білімдерін сынады. Қатысушылар, Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ғылыми еңбектері, тіл реформасындағы рөлі, ағартушылық қызметі мен ұлттық сана қалыптастырудағы еңбегі туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерінің тереңдігін көрсетті.
        Quiz барысында, қатысушылар, жылдамдық пен ой дәлдігін, тапқырлық пен білімділікті қатар көрсетті. Сайыс сұрақтары бірнеше кезеңнен тұрды: алғашқы раундта өмірбаяндық деректер мен тарихи мәліметтер қамтылса, келесі кезеңде Байтұрсынұлының «Тіл – құрал», «Әдебиет танытқыш», «Маса» сияқты еңбектеріне арналған сұрақтар қойылды. Соңғы кезеңде қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына қатысты қанатты сөздер мен дәйексөздерді дұрыс сәйкестендіріп, шығармашылық тапсырмаларды орындады.
        Шараның басты мақсаты – тыңдаушылардың қазақ тілінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін насихаттау және тілдің рухани негізін терең ұғындыру болды.
        Іс-шара қорытындысында, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы білім сайыстары тыңдаушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады.
        Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл ғылымының негізін қалаушы ғана емес, ұлт руханиятының шамшырағы. Оның «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қағидасы бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры мен болашағы туралы айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбегі әрдайым ұлықтауға лайық.
         Мұндай танымдық шаралар – өскелең ұрпақтың рухани жаңғыруына, ұлттық сананың серпілісіне және мемлекеттік тілдің мерейін арттыруға зор үлес қосары сөзсіз.
Мейрамгүл АТАЕВА, 
«Абай облысы, Бородулиха аудандық  «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...