Home » Қоғам » МЕРЕЙТОЙДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

МЕРЕЙТОЙДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

                Ұрпағының ұранды болуын қашан да қапыда қалдырмайтын қазақ халқы ықлым заманнан бері өскелең ұрпақты өнегелі, білімді етіп тәрбиелеуді бірінші кезекке қойған. Сонау қиын-қыстау кезеңдердің өзінде киіз үйлер мен лашықтарда, жертөлелерде ауыл балаларының сауатын ашуға атсалысып, тер төккен жандар қаншама десеңші?!
             Сондай жандардың бірі – Жетісай ауданының төл перзенті Қазымбет Дәрімбаев еді. Осыдан 80 жыл бұрын қазіргі Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінен 3 үйдің аумағын біріктіріп, ауыл балаларына мектеп ашқан болатын. Қылышынан қан тамып тұрған кеңестік кезеңнің қаһарынан қаймақпай қазақ балаларының сауатын ашуға аянбай еңбек еткен Қазымбет Дәрімбаевтың өзі ашқан мектебіне елі құрметтеп есімін берді. Ұрпақтары мектеп ауласынан өз қаражаттары есебінен заманауи кітапхана салды. Бүгінде 1 мыңға тарта әлемдік және отандық ақын-жазушылардың еңбектері топтастырылған кітапханада оқырмандарға барлық жағдайлар жасалған.
            Өзінің 80 жылдық тарихында іргелі білім ұясына айналып отырған Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазымбет Дәрімбаев» атындағы жалпы орта мектебі кітапханасында «Дәрімбаевтың даңғылы» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.
            Салтанатты шараға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Полат Қазымбетұлы Дәрімбаев пен зиялы қауым өкілдері, мектеп ұжымы мен туған-туыстары қатысты.
            «Болашақ ұрпағының саналы, білімді болып өсуін ойлап, ешкімнен көмек күтпестен ауыл балдарының зейінін ашу жолында мектеп ашқан Қазымбет Дәрімбаев ағамыздың еңбегі көпке үлгі. Ол кісінің мұнан да басқа толып жатқан игі істері мен адами қасиеттерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз керек» деген аудан басшысы мектеп ұжымын мерейтойымен құттықтады. Сый-сияпатын жасады.
            Сонымен қатар, шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері Қазымбет Дәрімбаевтың еңбек жолы мен өмір белестері жайында естеліктер айтса, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Құралов ұстазына арнап өлең оқыды. Ал, Полат Қазымбетұлы мектеп ұжымына Қазымбет ақсақал жайлы жазылған Қаныбек Абдуовтың «Тау тұлға» атты кітабын сыйға тартты.
           «Кітапты жазудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа Қазымбет Дәрімбаевтың өнегелі өмірінен хабар беру, жастарды саналы, ойлы азамат етіп тәрбиелеуге аз да болса үлес қосу болды» дейді автордың өзі.
          Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімінен кейін қонақтар Қазымбет Дәрімбаевтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Мектеп оқушылары мен ұстаздарының дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады.
           Айта кетейік, бүгінде шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық түрлі пән олимпиадаларында жүлдегер атанып жүрген мектептің 80 жылдық мерей тойын атап өту өткен оқу жылына жоспарланғанымен әлемдегі эпидахуалдың өршуіне байланысты кейінге шегеріліп келген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...

ЕЛ ДАМУЫН ТЕЖЕУШІ ҚАТЕР

        ...

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

        ...