Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КИІЗ ҮЙ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗДЫҢ БІРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » КИІЗ ҮЙ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗДЫҢ БІРІ

КИІЗ ҮЙ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗДЫҢ БІРІ

           Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы негізіненұлтымыздың бүгінгі мекені, соның төңірегі.  Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз. Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі  – киіз үй.

          Киіз үй — Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы саналады. Түздік тіршіліктің кіші әлеміне айналған киіз үй ықылым замандардан бері қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі, оның  материалдық мұрасының бірегейі, халықтың танымы мен талғамының, шеберлігі мен шалымының, ұшқыр қиялы мен биік рухының, әсемдікке іңкәрлігі мен сұлулыққа ұмтылысының үлгісі болып болып келеді. Ол қазақ халқының табиғатпен үндесе өмір сүруде жинақтаған тәжірибесі мен философиясының, дүниетанымы мен рухани мәдениетінің жарқын айғағы.

       Бұрын-соңды киіз үйді көрмеген жан алыстан ақ жұмыртқадай боп көз тартқан киіз үйге жақын келіп табалдырығынан аттаған сәтте-ақ көздің жауын алар керемет бір әлемге тап болғандай күй кешері анық. Босағасынан төріне, табалдырығынан шаңырағына дейін түрлі-түсті, сан алуан ою-өрнектермен үйлесімді өрнектеліп, жарасымды жасауланған адам мүмкіндігінің шексіздігінің көрнісіндей,  киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұра, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құрайды.

          Мақта шаруашылық тарихы  музейіміздің Акт залына киіз үйдің жартысын  экспоцизия сияқты жасақтап қойылды. Киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық киімдері, түс киіз ілініп, қол кілем төселіп, сандық, домбыра, ұршық, тұрмыста пайдаланылған ағаштан жасалған табақ, астау, шөміш, кесе қап, келі-келсап, бесік, кілем тоқитын тоқпақ және т.б заттар қойылды. Киіз үйді тамашалауға алыс –жақын шет елдерден келген қонақтар, мектеп оқушылары мен студенттер, кент тұрғылықты қонақтар қызыға келіп тамашалады. Кең байтақ Қазақстанның әр өңірінің қолөнерінде өзіне тән ерекшелік, өзіндік қолтаңба бар. Сол сияқты киіз үйдің жасалуы мен безендірілуінде де әртүрлі айырмашылық кездеседі.

         Күні кешегіге дейін әжелер ұршығын иіріп, келіншектер текеметін оюлап, қыздар қол кілем мен өрмегін тоқудан қол үзген жоқ. Соның арқасында дәстүрлі қолөнер аса бір көп өзгеріске ұшырамай бүгінгі ұрпаққа мұралыққа бұйырды. Қазақ деген мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы, қолданған қасиетті қара шаңырағымызды көздің қарашығындай сақтау –  бәріміздің ұлттық, перзенттік парызымыз.

 Рая БАБАШОВА ,
Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейінің экскурсия жүргізушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...