Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының "Бастауыш партия ұйымы" ашылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей қаласында тағы бір игі бастама жүзеге асты. «3 — Водный» кентінде орналасқан «Ұлы дала» балабақшасында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды.
     
         Ашылу рәсіміне, өңірлік партия өкілдері – А.Жакупова мен Б.Ерсаина қатысып, жаңа ұйымның маңыздылығына тоқталды. Олар, өз сөздерінде, партияның алға қойған мақсаты – ауылдық аймақтардағы әлеуметтік-мәдени бастамаларды қолдау, білім мен тәрбиенің сапасын арттыру, елдің рухани дамуына үлес қосу екенін атап өтті.
         Балабақша басшысы Туткышева Айгуль Толеутаевна өз ұжымының осындай бастамаға үн қосқанын мақтанышпен айтуда. Оның айтуынша, педагогтар мен тәрбиешілер ел болашағы – жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапты болғандықтан, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезініп, белсенділік танытуы тиіс.
         Шара барысында, бірқатар балабақша қызметкерлері «Ауыл» партиясына мүшелікке өтіп, оларға партияның арнайы төсбелгісі табысталды. Бұл бір сәт, шараға қатысушылар үшін, ерекше әсер сыйлады.
         Өңірлік партия өкілдері жаңадан құрылған «Бастауыш партия ұйымының» алдағы жұмысына сәттілік тілеп, олардың бастамаларына әрқашан қолдау білдіретінін жеткізді.
        Осындай бастауыш партия ұйымдардың құрылуы – партия қызметінің халыққа жақындай түсуінің, ел ішіндегі әлеуметтік және тәрбиелік жобалардың кеңеюінің айғағы. Әсіресе, бала тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздар мен тәрбиешілердің қоғамдық істерге белсене араласуы – қоғам дамуының маңызды қадамы.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...