Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

       
           Семей қаласындағы «Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде» «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы және аталған музей ұжымының ұйымдастыруымен «25 қазан Республика күніне» арналған интеллектуалдық  квиз-сайысы өткізілді.
         Іс-шара мақсаты – жастардың ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және интеллектуалдық ой-өрісін дамыту болып табылады. Сайысқа, алдын ала іріктеуден өткен Абай облысының білім ордаларының студенттерінен құралған командалар қатысып, әр турда Қазақстанның тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Жалпы, Квиз 5  кезеңнен тұрды.
         Қатысушылар сайыс барысында, тапқырлық, ұйымшылдық және білім деңгейін жоғары көрсетті. Әсіресе, жастардың Тәуелсіздік тақырыбына деген қызығушылығы мен ізденісі ерекше байқалды. Осы шараның әділқазылар алқа – мүшелігінде Облыстық «Семей таңы» газетінің тілшісі Қайса Гүлім Заманбекқызы, ақын, «Абай музейінің» ғылыми қызметкері Ділнәз Ғалымбек, «Ф.М.Достоевский музейінің» ғылыми қызметкері Дюсембаева Роза Мансуровна болды. Квиз-сайыстың тізгінін өңірлік филиал өкілі Е.Омарғалиев пен Сарсембекова Сана Амантаевна қолға алып, тағылымды жүргізді. Ал ұйымдастырушылық жұмыстарына белсенділік танытқан өңірлік партия өкілі Б.Ерсаина және әдеби музей қызметкерлері. Сайыстың сахналық көркін кіргізер ара-тұра концерттік  нөмір ұсынылып: «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның» Дәстүрлі әншісі Абылкасымова Айнур Бейбитхановна ғибратты мазмұндағы әсем ән-терме сазын қоңыр үнді домбырада әуелете орындап, көпшілікті өз өнерімен тамсантты.
        Шара соңында, үздік нәтижеге жеткен 3 команда жеңімпаз атанып, І, ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісіп, арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар жиылып естелік фотосуретке түсіп, мерекелік тамаша  көңіл-күймен тәмамдалды. Қазақ Елінің жарқын болашағы мен рухани жаңғыруы жолында білім мен мәдениеттің маңызы қашанда ерекше!
         «Республика күні» құтты болсын!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1