NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарСаясат

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қаралым: 130
          24 қазан – «Кітапханашылар күні» мерекесіне орай Абай облысы, Көкпекті ауданының  жалпы орта білім беру мекемесінің кітапханасына «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы «Кітапқа – екінші өмір сыйла» жобасы  аясында 100-ге жуық көркем мазмұнды кітап тарту етілді.

          Сыйға берілген кітаптар қатарында қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары,әлем әдебиетінің үздік туындылары, сондай-ақ, «Астана – Еуразия жүрегінде»  энциклопедиясы, «Семейден ескен леп»  антологиялық ақындар жинақ-басылымдары бар.
          Акцияны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ұйымдастырды.
          Шара соңында, партия төрағасы кітапхана қызметкерімен естелікфотосуретке түсіп, бүгінгі мереке иелерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі. Қайрат Қанатұлы өз сөзінде мұндай игі бастамалардың ел руханияты мен кітап оқу мәдениетін дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *