wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Posted by: Қалмұрат in Әлеумет, Экология 19/12/2020 0 7,199 Views
Жыл сайын Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) жергілікті әкімдікпен келісімшартқа отырып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетеді. 2020 жылы екіжақты құжатқа сәйкес аталған компания 2,9 млрд теңгені ел игілігіне бөлді. Осы қаражат әр түрлі әлеуметтік салаларға бағытталды. Атап айтсақ, қомақты қаржыбілім беру, коммуналдық шаруашылық пен қоғамдық көлік салаларына қатысты цифрландыру жұмыстарына арналған. Сонымен қатар, Ақсу қаласында жылу алмастыру қондырғыларын орнатуға, Екібастұз шаһарында біліктілікті арттыру орталығын салуға бағытталған. Бұл қаражаттың бір бөлігі жергілікті футболды аяғынан қайта тұрғызуға жұмсалды. Компания ақшасын миллиардтап бергенімен өңірде алға жылжыған сала бар ма? Басқаны былай қойғанда жергілікті «ERTIS» футбол клубының ай мен күннің аманында тегіс жерден сүрінгенін дүйім ел біледі. Тәжірибеміз жоқ дейтіндей ірі компаниялармен алғаш рет жұмыс жасап отырған жоқпыз. Мәселен, «Еуразиялық Топ» өңіріміздегі инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге, ірі мәдени-спорттық орындар салуға 2018 жылы 3,7 млрд теңге, өткен жылы 3 млрд теңге бөлген еді. Тоқ етерін айтқанда ERG компаниясы соңғы 8 жыл ішінде 20 млрд теңгеден астам қаражатты өңірдің гүлденуіне арнаған. Бұған әрине марқаясыз. Ал мына бір жайт Ертістің бойын жайлаған елдің көңілін су сепкендей басып отыр. Өңірде соңғы жылдары экологиялық ахуал күрт нашарлап, салдарынан жазылмас дертке шалдыққандардың саны артты. Жүрек қан тамырлары ауруына душар болғандардың қарасы көбейіп, обыр дертінен ел бойынша алдыңғы қатарға бірақ шықтық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек,бүгінде өңірлік онкологиялық диспансерде 11 778 адам есепте тұр.Көп жылдардан бері ел бойынша Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан менПавлодар облысы онкологиялық аурулар бойынша көш бастап келеді. Павлодар өңірінде 2019 жылы сырқаттанушылар көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 326,8 адамды құрады. Ал 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 256,1 көрсеткішке ие. Өңір бойынша бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында өкпе, үшінші орында тері обыры, төртінші орында асқазан, бесінші орында жатыр мойны обыры тұр. 2019 жылы онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 122,5 адамды құрады. 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 120,4 көрсеткішке ие. Иә, сәл ілгерлеушілік бар секілді. Бірақ әлі де біз обыр дерті бойынша республика көлемінде алдыңғы орында тұрмыз. Онкологиялық аурулардан көз жұмғандардыңбасым көпшілігі 60 және одан жоғары жастағы облыс тұрғындары екенін айта кеткен жөн. Өкініштісі дауасыз дерт бүгінде балалар мен жастар арасында да көп кездесуде. Өкпе обырына душар болған науқастың бірі Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман кентінің тұрғыны Арыстанбек Солтанхан. Tagged with: ERG компаниясы Зиянды өндірістер Павлодар – индустриялды аймақ Экология
18/03/2026
02/03/2026
ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!