Home » PRESS RELEASE » News » КӨШБАСШЫ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА КЕЛІҢІЗДЕР

КӨШБАСШЫ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА КЕЛІҢІЗДЕР

          Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау тұр. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі шешуі керек. Әрбір түлектің өмірдегі үлкен таңдауының бірі десек де артық айтқанымыз емес. Көптеген түлектер мектеп жасынан бері дайындап келе жатқан болшақта білімі мен көп мүмкіндіктерге жол ашатын – ҚазҰУ мекенін таңдайтынын байқауға болады. Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай.
         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алған. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Университетте 16 факультет, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. 89 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.
       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бір жылда университет Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді. Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді. ҚазҰУ-дың жаңа табысы – іскерлік басшылықтың, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының жемісі. Бұл университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық білім, ғылым кеңістігіндегі танымалдылығының айқын көрсеткіші.
          ҚазҰУ – бұл тек қазақ жастарының ғана емес өзге ұлт өкілдерінің де білім алуға барынша жағдай жасалған қасиетті орын. Сонымен қатар 4 жылдық оқу барысында айта кететін жайт, студенттерге деген жағдайдың тиімділігі мен көптеген байқауларға қатысуы арқылы студенттер өз-өздерін шыңдай алады. Кәсіптік ұйымдарды таңдай отырып, кез-келген ашылмаған қырларын дамытуға жол береді.  Сонымен қатар, «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «Қайырымды қала» сынды байқауларын атап өтпеске болмас. ҚазҰУ жеке кітапханасы мен университет тарихы туралы мұражайы, жаңа ғимараттар, қалашықтың керемет көрінісі мен таза ауасы, шыршалары мен кішігірім ормандары кез-келген адамды білім алуға, шығармашылық шабыттандырады.
         Білім қуған барша жастарды көшбасшы оқу орны – ҚазҰУ-ге оқуға шақырамыз!
Ж.ЖОРАБАЕВА, э.ғ.к., доцент м.а.,
 Ж.АСКАРОВА э.ғ.к., доцент м.а.,   
«Қаржы және есеп» кафедрасы,
Томирис  РАХИМЖАН,
«Қаржы» мамандығының 4 курс студенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...