Home » Ауыл шаруашылығы » ТАҒЫ БІР АГРО-ДҮКЕН АШЫЛДЫ

ТАҒЫ БІР АГРО-ДҮКЕН АШЫЛДЫ

        Ерте көктемнен қара күзге дейін егістікте еңбек ететін шаруалар үшін диханшылығына қажетті химикаттар мен минералды тыңайтқыштардың дер кезінде берілуі төккен тердің өтемі болмақ. Әйтсе де, жасыратыны жоқ, жер емген дихандардың көп жағдайда өзіне қажетті мөлшерде минералды тыңайтқыштар мен химикаттарды ала алмай жатады. Бұл өнімнің сапасы мен көлеміне теріс әсер етері анық.
        Осындай мәселелерді оңды шешу мақсатында Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округінде SINGENTA компаниясының «AGRO SERVIS» дүкені ашылды.
         Агро-дүкеннің ашылуына округ әкімі Султан Касымов пен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бексултан Айдагараев, Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, округтің шаруа қожалық төрағалары қатысты.
          Аталмыш дүкен аудан аумағында іске қосылып отырған бесінші дүкен. Бұған дейін аудан орталығы Жетісай қаласында 2, Асықата кентінде 2 SINGENTA компаниясының агро-дүкендері жұмыс істеп келген.
           «Округ шаруаларының сұранысы мен өтініштерін саралай келе Ж.Ералиев ауылдық округінен агро-дүкен ашуды ұйғардық. Биылғы жылдың соңына дейін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінен де осындай дүкен ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда дүкеннің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр» дейді жас кәсіпкер Асылбек Тастанбек.
          Игі бастаманы қолға алып отырған жас кәсіпкер дүкенде жергілікті 3 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда бақша, көкөніс, мақта дақылдарына қажетті жоғары сапалы химиялық препараттар мен минералды тыңайтқыштар, мол өнім беретін голландиялық түрлі тұқымдар қолжетімді бағада сатылуда.
        1997 жылы «Мақсат С» шаруа қожалығын ашып, диханшылықпен айналысып келе жатқан Серік Төребаев иелігіндегі 15 гектар егістікке қажетті химикаттар мен тыңайтқыштарды бұған дейін Жетісай қаласынан, Асықата кентінен тасымалдап келген. «Агро-дүкеннің ауылдан ашылуы шаруаның шығынын азайтып, сапасын қадағалауға да мүмкіндік береді» дейді.
         SINGENTA компаниясының Түркістан және Қызылорда облыстарындағы өкілі Нұржау Әбдіғаппаровтың айтуынша шаруалар пицицидтер мен гербицидтерге, мақта мен бақша дақылдарының арам шөптеріне, мақта көсек құртына, өрмекші кенесіне қарсы ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тәртіпке сәйкес дүкеннен берілген есеп-қисап құжаттары арқылы субсидия ала алады.
            Сонымен қатар, 20 жылдан бері Қазақстан нарығында қызмет көрсетіп келе жатқан компанияның жаңа дүкенінен жергілікті шаруа қожалықтарының өздеріне қажетті химикаттар мен тыңайтқыштарды, голландиялық тұқымдарды екіжақты келісім-шарт жасау арқылы күзгі жиын-терімде төлеу міндетімен алуға да мүмкіндіктері бар.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...