Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

         Мақтааралда аудан диқандары үшін жылдың ең жауапты кезеңі – мақта терімі науқаны қарқын алуда. Биыл аудан бойынша 35,5 мың гектардан астам жерге мақта егілсе, алғашқы өнімдер қабылдау орындарына жеткізілуде.
       Мақтадан мол өнім алу үшін көктемнің басынан бері барлық қажетті агротехникалық шаралар жүйелі жүргізілді. Жазғы вегетациялық суару жұмыстары толық аяқталып, бүгінде шаруалардың басты міндеті – пісіп-жетілген өнімді ысырапсыз әрі белгіленген мерзімде жинап алу.
       Қазір алқаптарда мақта көсектерінің тез ашылуын қамтамасыз ететін дефолиация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде бұл жұмыс 29 мың гектардан астам алқапта атқарылды. Есептер бойынша алдағы бір аптада дефолиацияны толық аяқтау жоспарланып отыр.
        Мақта терімі басталғалы бері 174,5 гектар алқаптан 478 тонна шитті мақта жиналды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерді құрап отыр.
        Терімді алғашқылардың бірі болып бастаған шаруашылықтардың қатарында «Бірлік 2» шаруа қожалығы бар. Атабек Қожабеков жетекшілік ететін шаруашылық алқабында әр гектардан 40 центнерге дейін өнім жиналуда.  Жалпы алғанда, аудан шаруаларының иелігінде 237 мақта теретін комбайн бар. Қазіргі таңда оның 24-і алқаптағы жиын-терім жұмыстарына жұмылдырылған. Дефолиация жұмыстары аяқталған сайын техника саны да арттырылып, терім қарқынын күшейту көзделіп отыр.
       Мақта – аудан экономикасы мен ауыл шаруашылығы үшін стратегиялық маңызы бар дақыл. Сондықтан алдағы кезеңде агротехниканы тиімді және уақтылы пайдалану, өнімді дер кезінде жинау мен ысырапшылдыққа жол бермеу – басты міндет.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        ...

«СУДЫ ТҰРАҚТЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ АЛДЫҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

        ...