Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖАРЫС ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖАРЫС ӨТКІЗДІ

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖАРЫС ӨТКІЗДІ

         2016 жылдан бері жалпыұлттық деңгейде аталып келе жатқан «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің А.Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінде түрлі ұлт өкілдері арасында «Толағай» отбасылық сайысы болып өтті.
           Ата-аналар мен балалардың, жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруларына дағдыландыру, қылмыс пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауларына ықпал ету, отбасының қадір-қасиетін кеңінен ұғындыра отырып өзара достық қарым-қатынасты насихаттау және топтасып жұмыс жүргізуге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылуына Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Аязхан Елемесов пен Бағдәулет Нұрасаров, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов, А.Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінің директоры Тұңғат Татибаев қатысты.
          Қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығы, ұлтаралық татулық пен ынтымақ жайында ғибратты әңгімелерін айтып, ақыл-кеңестерін берді. Сәттілік тіледі.
          Айта кетейік, аталмыш сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әуезхан Әбдіхалықов пен дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұстаздары атсалысты.
          Спортпен үнемі айналысып, ұрпағының қамын ойлаған адам ғана қоғамның толыққанды белсенді мүшесі болмақ. Бұл тұжырымға тартысты өткен сайыс барысында толық көз жеткізілді. Өйткені, 7 бөлімнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңдерінен бастап жеңіске деген жігері мен үлкен дайындықтарын көрсете білген командалар көрермендердің құрметіне бөленді.
         Салауатты өмір салтын ұстанған жас отбасылар арасындағы сайыста жеңіске жетіп, ептілік танытқан «Бүркіт» отбасылық командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, ІІ орын «Қыран» командасына, І орын «Арыстан» командасына бұйырды. Ал, бас жүлде «Барыс» командасының қанжығасына байланып, жеңімпаз атанды.
         Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен өзге де қатысушылар ұйымдастырушылар тағайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...