Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » БАЗАР ЖАСТАРЫ АРАСЫНАН ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

БАЗАР ЖАСТАРЫ АРАСЫНАН ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

       Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

       Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін 30 қатысушы бақ сынады.
        Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. Турнир Алматы қаласы Didda sport үстел теннис орталығында өтті. Сайысқа «Қазына», «Арлан»,  «Кенжехан», «Байсат» тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар қатысты.
        Алғашқы іріктеу кезінде топ топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.
       Турнир қортындысы бойынша, бірінші орын алған Жарқын Дүйсенге («Батыр» базары) 250 мың теңгенің, екінші орын алған Абай Нұрғазыға («Жаңа Ялян» базары) 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Алмас Кайпек («Байсат» базары) пен Шахсұлтан Ходжашевке («Алтын орда» базары) 50 мың теңгенің ақшалай жүлдесі бұйырды. Жеңімпаздарға сертификаттарды, медаль, кубоктарды қол күрестен спорт шебері Заманбек Кежденбек табыс етті.
         Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында киберспорттан турнир өткен болатын. Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан, суға жүзуден, шағын футболда турнирлер ұйымдастыру жоспарда бар.
Назира БУРХАНОВА. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...