Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒАҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒАҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КЕРЕК

ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒАҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КЕРЕК

          Тарих – халықтың жады. Ал сол жадыны көздің қарашығындай сақтап, ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұраны келер ұрпаққа аман жеткізу – үлкен жауапкершілік. Осындай абыройлы міндетті ғұмырына серік еткен жандардың бірі – қазақтың көне киім, мата және киіз бұйымдарын реставрациялау өнерін өз бетінше меңгерген тұңғыш реставратор Тұрсынгүл Жайлаубаева.

       Тұрсынгүл Жайлаубаеваның есімі ұлттық мәдениетіміздің аса құнды жәдігерлерін қалпына келтіру ісімен тығыз байланысты. Ол уақыт табы мен табиғи тозудан бүлінген талай тарихи мұраға екінші өмір сыйлады. «Алтын адам», «Пазырық ханшайымы», «Алтай көсемінің ұлы» секілді құнды жәдігерлерді сақтауға атсалысты. Абылай хан мен Қазыбек бидің шапандарын қалпына келтіру жолындағы еңбегі де – реставраторлық өнерге адалдығының айқын көрінісі. Әсіресе Қазыбек бидің шапанын қалпына келтіру жұмысы шеберден асқан төзім мен ыждағатты талап еткен. Кеуіп, ширатылып қалған көне шапанды қалпына келтіру үшін Тұрсынгүл апа екі жарым жыл еңбек етіп, сол дәуірдің зерлі жібін іздеп, Бұхараға дейін барған. Бұл – бір ғана жәдігерді жөндеу емес, тарихи мұраның түпкі болмысын сақтап қалуға деген жауапкершіліктің үлгісі.
       Еңбектің ерекшелігі де осында. Реставратор көне бұйымды жай ғана қалпына келтірмейді. Ол – тарихтың әрбір ізін, матаның табиғатын, ою-өрнектің мәнін, қолданылған материалдың ерекшелігін сақтауға тырысатын маман. Тұрсынгүл Жайлаубаеваның қолынан өткен Чапаевтың буркиі, Адай руының бас киімі, сұлтанның парша шапаны секілді құнды дүниелердің бүгінде музейлерде сақталуы – соның дәлелі.
        Бір өкініштісі – осындай өлшеусіз еңбектің лайықты деңгейде бағаланбай келе жатқаны. Мамандардың пікірінше, елімізде реставрация саласының арнайы жоғары білім беру жүйесі әлі де толық қалыптаспаған. Көптеген реставратор бұл кәсіпті тәжірибе арқылы, аға буын шеберлерден үйреніп келеді. Ал олардың жасаған жұмысы көпшілікке көрінгенімен, сол жәдігерді сақтап қалған адамның еңбегі тасада қалып жатады.
      Бүгінде тарихи жәдігерлерге қызығушылық артып, жеке музейлер мен коллекциялардың қатары көбейіп келеді. Демек, ұлттық мұраны сақтап, қалпына келтіретін білікті реставраторларға деген қажеттілік те арта түсуде. Осындай кезеңде Тұрсынгүл Жайлаубаева секілді кәсіби шеберлердің тәжірибесін дәріптеу, еңбегін кеңінен насихаттау және кейінгі буынға үлгі ету – аса маңызды.
       Биыл Тұрсынгүл Жайлаубаева 85 жасқа толды. Ғұмырын ұлттық мұраны сақтауға арнаған ардақты шебер атақ пен марапатты өзі сұрап, ешкімнің алдына бармаған. Ал оның еңбегін жақсы білетін мамандар Қазыбек би мен Абылай ханның шапандарын сақтап қалудағы қызметін ерекше бағалайды. Ендеше, ел тарихын түгендеп, ұлттық құндылықтарды сақтауға өлшеусіз үлес қосқан Тұрсынгүл Жайлаубаеваның еңбегін ел болып бағалайтын уақыт жетті. Оның кәсіби жолын кеңінен насихаттап, өмірлік тәжірибесін жас реставраторларға өнеге етуімен қатар, жоғары мемлекеттік марапаттарға ұсыну мәселесін де қарастыру орынды. Бұл туралы  «Хабар» телеарнасының “7 күн” бағдарламасы арнайы материал да жариялады. Себебі, бұл – бір адамның еңбегін бағалау ғана емес, ұлттық мұраға деген құрметтің көрінісі болып табылады.
        Тұрсынгүл апаның қолынан өткен әрбір жәдігер – халқымыздың өткенінен сыр шертетін тарихи куәлік. Сол жәдігерлердің бүгінге жетуіне ғұмырын арнаған жанға көрсетілген құрмет – тарихқа көрсетілген құрмет.
Қалмұрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...