Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Игі бастамаға ауданның 4 мыңға жуық тұрғыны қатысып, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны абаттандыруға және қоғамдық орындардың көркін арттыруға өз үлестерін қосты.
             Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және туған жерге жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сенбілік барысында аудан көлеміндегі елді мекендерде тазалық және абаттандыру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
             Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында тазалық күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, оған аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, түрлі ұйымдардың өкілдері және жастар мен еріктілер қатысты. Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов барша тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, мұндай игі бастамаларға белсенді атсалысуға шақырды.
          «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шараға қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ұйымдарға бөлінген аумақтарды ретке келтірсе, тұрғындар елді мекендердің ішкі көшелері мен өз аулаларында тазалық жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ, аудан аумағындағы қоғамдық орындарды көркейтуге ерекше көңіл бөлінді. Ескерткіштер, аялдамалар, қоршаулар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланып, жаңартылды. Саябақтар мен скверлер, үлкен жолдардың бойы, арық-атыздар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
          Жаппай сенбілік барысында тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазалап қана қоймай, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға және елді мекендердің сәулеттік келбетін ажарландыруға үлес қосты. Жаппай сенбілік нәтижесінде аудан аумағынан жалпы көлемі 35 тонна қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
          Осындай тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы – туған жерге деген құрметтің және ортақ мекеннің тазалығына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі болып табылады. Мұндай шаралар аудан аумағын таза әрі көрікті ұстаумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып қала бермек.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...